«Тараз-қауіпсіз қала»

 «Тараз-қауіпсіз қала»
"Бақытты болашақ" оқушылар сарайында «Тараз-қауіпсіз қала» концепциясын іске асыру барысы мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі мекеме аралық кеңес өтті.
🔹Басқосуға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, қала прокуроры Нұржан Боранбаев, бөлім басшылары мен мектеп директорлары қатысты.
📌Алғашқы болып сөз алған Нұржан Қанайұлы басқосудың маңыздылығына тоқталды.
- Баршаңызға белгілі, бүгінде елімізде жасөспірімдер құқық бұзушылығы мен оларға қатысты жасалатын қылмысқа қарсы күрес күшеюде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та биылғы Жолдауында осы мәселеге баса мән берді. Бұл бағытта шаһарда атқарылған жұмыстар аз емес. Дегенмен, әлі де олқылықтар бар екенін жасыра алмаймыз. Сондықтан бүгін сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдап, кемшіліктерді саралауға жиналып отырмыз, - деді қала прокуроры.
🔹Келесі кезекте жиынның күн тәртібіне сәйкес Тараз қалалық прокуратурасы қоғамның мүддесін қорғау бөлімінің бастығы А.Тілешов, Тараз қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің бастығы Н.Керебаев, қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.Тоғатаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы А.Терлікбаева 2023 жылдың өткен мерзімінде Тараз қаласының аумағында кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың, оның ішінде олардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу мәселелері туралы баяндады.
📌Бұдан кейін Тараз қалалық прокуратурасы қоғамның мүддесін қорғау бөлімінің бастығы Д.Сатыбалдиев, Тараз қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ж.Мамбетқұлов, Тараз қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің бастығы Е.Сыздықов уәкілетті органдармен алаяқтық, оның ішінде интернет алаяқтықтың алдын алу, жолын кесу және болдырмау мақсатында қабылданған шаралардың тиімділігін тілге тиек етті.
🔹Жиын барысында Бақытжан Әмірбекұлы жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күресте жауапкершіліктің маңызды екенін баса айтты.
- Біз үшін әрбір баланың қауіпсіздігі маңызды. Мұны мектеп басшылары да, ата-аналар да жете түсінуі керек. Алайда, кейбір кезде осыны жете ұғына алмай жатамыз. Салдарынан жасөспірімдеріміз қылмысқа бой алдырады. Көп жағдайда мұның барлығы немқұрайлылықтан орын алатыны жасырын емес. Сондықтан бұл мәселеде барынша қырағылық танытып, бірлесе шешкеніміз жөн, - деген шаһар басшы бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатынын жеткізді.
📌Бұдан бөлек, жиынға қатысушылар тарапынан түрлі ой-пікірлер ортаға салынды.
Тараз қаласының әкімдігі
13.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 71
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 108
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 109
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 71
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 217
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 222
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 436
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 399

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9093
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8491
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11719
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9485
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10700