Тараз жолдарында мультфильм кейіпкерлері жол ережесін уйретуде

Тараз жолдарында мультфильм кейіпкерлері жол ережесін уйретуде

Жамбыл полицейлері жол қозғалысы ережелерін сақтауға балалардың назарын аударудың ерекше әдісін ойлап тапты. Акцияға оқушылар сарайының "Бақытты болашақ" сәндік-қолданбалы шығармашылық бөлімінің оқытушылары және "Balashow Taraz" мерекелерді ұйымдастыру агенттігі қатысты.

 

Облыс орталығының қарбалас көшелерінде Өрмекші адам, Трансформер, Ақшақар және басқа да көптеген сүйікті мульт кейіпкерлері балаларға жолдың жүріс бөлігінде өзін дұрыс ұстаудың көрнекті үлгісін көрсетті.

 

- Бұл идея - мультфильм кейіпкерлерін тарта отырып,  бастауыш сынып оқушыларының, өзге де балалардың жол-көлік апаттарынан алуы мүмкін жарақаттарына қатысты мәселеге жұртшылықтың назарын аудару мақсатында жүзеге асырылды. Статистикаға сәйкес, 10 жасқа дейінгі балалар жол қозғалысына қатысушылардың ең осал санаты болып табылады. Өкінішке орай, ағымдағы жылдың 10 айында ЖКО-нан 23 кәмелетке толмағандар қаза тауып, 350 адам дене жарақатын алды. Осы фактілердің алдын алу үшін біз барлық қажетті шараларды қолданудамыз. Жасыратыны жоқ, кішкентай бүлдіршіндер еліктеу үшін идеалды іздейді. Жол қозғалысы ережелерін сақтайтын және оқытатын экрандағы кейіпкерлер - балаға арналған мінез - құлықтың жарқын үлгісі және көрнекі мысал бола алады деп ойлаймыз, - деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ержан Мананбаев.  

 

Iс-шара барысында тақырыптық плакаттар дайындалып, балаларға таратылған шарлар мен тәтті тағамдар  мерекелік көңіл-күй сыйлады. Акцияның барлық қатысушылары жағымды эмоцияларды сезiнiп, сүйікті кейіпкерлерiмен естелік суреттерге түсті.

09.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14377
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14303
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29446
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28080
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31612