🔰Таразда Амал мерекесі аталып өтті

🔰Таразда Амал мерекесі аталып өтті
🔹Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесі Көрісу күнінен басталатыны белгілі. Тарихи тамыры тереңге бойлаған бұл дәстүр – дана халқымыздың ұлыс болып ұйығандығының жарқын көрінісі іспетті.
Ұлық ғұрып бүгінде ұлттық ерекшелігіміз ғана емес, ғасырларға жалғасып келе жатқан ұрпақтар сабақтастығының алтын көпіріне айналды. Көрісу – адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес. Жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін ізгі амал. Сондықтан бұл күн Амал мерекесі деген атауға ие болған.
Ежелден ел көрісумен ғана шектелмей, адамдар арасындағы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, жақын адамдар бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу – ағайын мен туыс арасындағы байланысты бекітетін тамаша дәстүр. Көненің көзі – қарияларға құрмет көрсетіліп, інілік ізет, дархан пейіл танытудың үлгісі. Олай болатыны, Амал – елдік, халықтық мейрам. Бұл күні бірлік күшейеді, береке молаяды деп сенген.
🔹Бағзыдан келе жатқан бәсі биік мерекені биыл тараздықтар кең көлемде атап өтті. Соның жарқын көрінісі – Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде өткен іс-шара.
📌Шара барысында көпшілік қол алысып құшақтасып, ақ тілектерін жаудырса, қариялар баталарын берді. Сондай-ақ көпшілік «Дулати» халықтық студенттік жастар театрының театрландырылған қойылымын тамашалады.
Мерекелік шара өңір өнерпаздарының ән шашуымен түйінделді.
Тараз қаласының әкімдігі
14.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

Таза Қазақстан республикалық акциясы
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 16
ҚАБЫЛДАУ
Сарысу ауданы әкімдігі - 28.04.2024 18
Бірлік жарысы
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 14

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1093
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7140
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10991
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7203
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7348