Таразда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Таразда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
Бүгін Тараздағы «Grand bazaar» сауда кешенінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған шараға облыстың 10 ауданы мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің өнімдері жеткізілді.

Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жәрмеңкеде жалпы құны 35,5 млн теңгені құрайтын 57,8 тонна ауыл шаруашылығы тауары ұсынылған. Оның ішінде 18,2 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 3,0 тонна шұжық, 4,8 тонна сүт, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер, 3,4 тонна макарон, 2,6 тонна балық, 6 тонна ұн өнімдері мен 6 мың дана жұмыртқа, 0,4 тонна тұз, 2,6 тонна бал және 16,3 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде жәрмеңкедегі тауарлардың бағалары нарық бағаларынан 10-20 пайыз төмен саудаланды.

11.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13923
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13876
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29008
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27665
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31179