Таразда «Дәмді себет» желісінің дәмхана өндірісі ашылды

Таразда «Дәмді себет» желісінің дәмхана өндірісі ашылды
Жыл өткен сайын шағын және орта бизнеске көрсетіліп жатқан қолдау көлемі еселеп өсуде. Осының нәтижесінде кәсіпкерлік саласының тынысы ашылып, бойына қан жүгірді. Бұл істе ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының да үлесі зор екенін айта кеткен жөн. Аталған бағдарлама аясында бастау алған өндіріс ошағының бірі бүгін пайдалануға берілді.
📌Атап айтқанда, «Дәмді себет» сауда желісі №15 «Ұлы дала» шағын ауданында дәмхана өндірісін іске қосты. Кәсіпорынның ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил қатысты.
🔹Салтанатты шарада шаһар басшысының орынбасары елімізде шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан айрықша қолдау көрсетіліп отырғанын айтып, соның нәтижесінде кәсіпкерлік көкжиегінің кеңейіп келе жатқанын тілге тиек етті.
– Кәсіпкерліктің қарыштауы ел экономикасына да зор серпін береді. Тараз қаласында да бұл бағыттағы ілкімді істер қолға алынуда. Бүгін, міне, «Дәмді себет» дәмхана өндірісінің ашылуына куә болып отырмыз. Бүгінде аталған желінің облыс бойынша 36 сауда орны халыққа сапалы қызмет көрсетуде. 800-ден аса адамды тұрақты жұмыспен қамтып, еліміздегі жұмыссыздық мәселесінің де шешілуіне ықпал етуде.
Ендеше баршаңызды осы фабриканың ашылуымен құттықтап, еңбектеріңізге табыс, жұмыстарыңызға жеміс тілеймін! – деді Қайрат Әбілханұлы.
🔹Келесі кезекте кәсіпорынның салтанатты лентасы қиылып, меймандар жаңа нысанды аралап, жұмысымен танысып шықты.
🔹Фабрика құрылысы ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасымен қолға алынған. Жобалық құны 700 миллион теңгені құрайтын жобаны жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан 0,5 гектар жер телімі берілген.
🔹Су жаңа өндіріс ошағы нан, торт және өзге де наубайхана өнімдері мен жылдам тамақтануға арналған түрлі тіскебасарлар дайындаумен айналыспақ. Кәсіпорын өкілдері фабриканың өндірістік қуаттылығы жылына 2 160 тонна өнім өндіруге жететінін айтады. Мұнда Украина мен Ресейде шығарылған арнайы кәсіби қондырғылар орнатылған.
🏢Кәсіпорында 105 адам жұмыспен қамтылып, орташа жалақы көлемі 120 мың теңгені құрамақ.
Тараз қаласының әкімдігі
15.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 40
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 155
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 192
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 188
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 155
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 301
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 519
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 472

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9175
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8573
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11801
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9571
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10781