Таразда Freedom Bank филиалы ашылды

Таразда Freedom Bank филиалы ашылды

Бүгін Таразда Freedom Bank филиалы ресми түрде ашылдыЕнді Таразда тұратын ірі бизнес өкілдеріне, жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға басқа қалаға барудың қажеті жоқ.

Әулиеаталықтар банкке қатысты барлық қызметті Жамбылдыңорталығында орналасқан заманауи кең кеңседен ала алады. Салтанатты іс-шараға облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев, аталған банк басқармасының төрайымы Гүлфайруз Ахметова мен ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл облыстық филиалының директорыЕвгений Шарыгин қатысты.

Freedom Bank ‒ цифрлық банктік өнімдер мен қызметтерді ұсынуға мамандандырылған data-driven банк. 2021 жылы банк ипотекалық несие алуды цифрландырып, әлемдегі алғашқы цифрлық ипотеканы іске қосты. Сондай-ақ, банк инвесторлық, цифрлық, мультивалюталық, қарыздарды өтеуге арналған кредиттік лимиті бар карталарды шығарды. Еліміздің 11 ірі қаласында банктың филиалдық желісі бар.

— Банк қызметтерін пайдалану үшін үйден шығудың немесе құжаттар мен анықтамаларды жинаудың қажеті жоқ. Барлығын телефон немесе ноутбук арқылы онлайн жасауға болады. Бірақ біз тұтынушыларымыздың талаптілектерін әрдайым ескереміз. Көптеген адамдар анықтамаларға уақыт жоғалтпай, қызметті тез алғысы келеді.

Десек те білікті кеңес пен көмекті арнайы бөлімшелердегі мамандар нақты түсіндіре алады. Сондықтан біз осындай шешім қабылдадық. Freedom Bank Жамбыл облысын экономикалық қуатты, қолайлы және заманауи өңірлік орталыққа айналдыру жөніндегі мемлекеттік бастамаларды қолдайды,дейді банктің басқарма төрағасы Гүлфайруз Ахметова.

Филиал жеке және заңды тұлғаларға кешенді қызмет көрсетуге бағытталған. Бөлімше үш кассамен, кеңес алуға ыңғайлы аймақтармен, электронды кезекпен және VIP-клиенттерге қызмет көрсету бөлмесімен жабдықталған.

Қысқа мерзім ішінде банк Қазақстанда баламасы жоқ цифрлық өнімдерді әзірлеп, нарыққа шығарды. Цифрлық ипотека мен автокредитті құжаттарды жинамай ақ бір күннің ішінде онлайн рәсімдеуге болады. Цифрлық автокредит іске қосылған 10 айдың ішінде 5 мыңнан астам қазақстандық игілігіне пайдаланды. 143 мыңнан астам автокөлік онлайн-бағалаудан өтті. Сондай-ақ, банк электронды әмияндарға цифрлық құжаттарды қосуға мүмкіндік берді. Шағын және орта бизнеске арналған мамандандырылған өнімдердің кең желісін іске қосты.

 

№1.2.108/43/250 лицензия Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға 1 ақпан 2023 жылы берілді
29.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 79
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 84
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 185
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 185
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 324
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 327
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 549
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 496

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9200
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8597
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11824
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9593
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10807