🔰Таразда жасөспірім ойын автоматтарынан ақша ұрлаған

🔰Таразда жасөспірім ойын автоматтарынан ақша ұрлаған
📍16 жастағы оқушы үш ойын автоматындағы монета қабылдағыштарын ашып, 44, 30 және 40 мың теңге ұрлаған.
📌Жалпы залал сомасы 115 мың теңгені құрады. Сот оны ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша кінәлі деп танып, бір жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
❗Жасөспірімді мәжбүрлі түрде қиын жасөспірімдер ұсталатын ерекше режимдегі интернатқа орналастырды. – Бұл жерде күн тәртібі қарапайым мектептегі сияқты, тек балаларды үнемі бейне бақылау камералары мен интернат қызметкерлері бақылап отырады.Интернатта 11-18 жас аралығындағы балалар ұсталады. Бұл балалар республиканың түкпір-түкпірінен келген. Олардың бас бостандығын шектеу мерзімі – алты айдан екі жылға дейін. Негізінен балалар мұнда ұрлық пен тонау сияқты қылмыстар жасағаны үшін келеді. Олармен тәрбие жұмысы үнемі жүргізіліп отырылады және көптеген жасөспірімдер жасаған істеріне өкінеді, – деп түсіндірді Абай облысы бойынша ҚАЖД Көкпекті аудандық пробация қызметінің бастығы Дамир Айдаров.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
07.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14374
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14300
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29443
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28077
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31608