Тараздық полицей каналға батып бара жатқан екі баланы құтқарып қалды

Тараздық полицей каналға батып бара жатқан екі баланы құтқарып қалды

Тараздық полиция қызметкері Қайрат Тұрлыбаевтың ерлігі туралы әріптестері үш айдан кейін ғана білген, – деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Егер құтқарылған ұлдардың ата-аналары әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің ерлік жасағаны үшін марапатталғаны туралы оқымаса, біз Тараз қалалық ІІБ ювеналды полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Қайрат Тұрлыбаевтың балаларды мұзды судан қалай шығарғанын білмес едік», – деді Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2022 жылдың желтоқсан айында полиция лейтенанты, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор Қайрат Тұрлыбаев Саңырақ батыр көшесі бойындағы су арнасы бойымен жұмысқа бара жатып, көліктің ашық терезесінен көмек сұраған балалардың айқайын естіген.

тараз

«Ол ойланбастан көліктен жүгіріп шығып, каналға қарай жүгірген. Мұзды суға белшесінен батқан 9-10 жастағы екі бала көмек сұрап айқайлап тұрған. Олар каналдың қатқан бетімен жүреміз деп ойлаған, алайда мұз жарылып кеткен, өйткені біздің өзендер әдетте қыста қата қоймайды. Полиция қызметкері суға секіріп, балаларды бір-бірден шығарып, ата-аналарына апарып табыстаған. Олар полиция қызметкеріне балаларды құтқарғаны үшін алғыс айтты. Мұзды суда ұзақ тұрған балалар өліп кетуі де мүмкін еді», – деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Үсті-басы малмандай су болған полиция лейтенанты Қайрат Тұрлыбаев киімін ауыстырып, ешкімге ештеңе айтпастан жұмысына келеді.

«Құтқарылған ұлдардың ата-аналары қарапайым полицей қызмет ететін полиция бөліміне телефон соғып, оқиғаны айтып, екі баланың өмірін сақтап қалған учаскелік полиция қызметкерін марапаттауды сұраған соң, Қайрат Тұрлыбаевтың әріптестері департаменттің баспасөз қызметіне хабарласты. Полиция департаментінің басшылығы ұлдардың ата-анасының өтінішін қарастырамыз деп сендірді», – деп түсіндірді құқық қорғау органы.

aikyn.kz
03.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 73
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 76
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 319
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 542
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 490

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9194
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8592
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11820
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9589
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10803