Тараздықтар халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

Тараздықтар халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтті

Халықаралық балаларды қорғау күнінде Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына барды.

Аймақ басшысы балаларды қорғау күніне арналған мерекелік концерттің құрметті қонағы болып, тәрбиеленушілердің өнерін тамашалады.

- Бала – біздің болашағымыз. Бұл күн – жадыраған жаздың алғашқы күніндегі ең көркем, ең мейірімге толы мереке. Өйткені, бұл күн сыңғырлаған сәби күлкісі мен балдырғандардың тәтті қылығымен ерекшеленеді. Біз ересектер балаларға әрдайым қамқорлық танытып, құқықтарын қорғап, мейірімді болуға, оларға ізгі жолды көрсетіп, жақсы тәрбие беруге тиіспіз. Осындай өнерлі және талантты балалардың қалыптасуы жолында еңбек етіп жүрген орталықтың тәрбиешілеріне алғыс айтқым келеді. Барша балаларды шын жүректен мерекемен құттықтаймын, армандарыңыз орындалып, өмір жолдарыңыз ашық болсын. Оқуда озат, үздіктердің қатарынан көріне беріңіздер, - деп облыс әкімі тілегін білдірді.

Нұржан Нұржігітов балаларға естелік сыйлықтар табыс етті.

Айта кетейік, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау бойынша жүзеге асып жатқан «Мейірім» жобасы аясында облыстағы мемлекеттік мекемелері мен ірі кәсіпорындарының басшыларына осы орталықтың бірқатар тәрбиеленушілерін қамқорлығына алған.

Бұдан соң облыс әкімі Қ.Рысқұлбеков және Орталық саябаққа ат басын бұрды. Балалар мерекесіне орай облыс орталығында көрмелер, шығармашылық фестивальдер, спорттық жарыстар, қолөнер және сурет салу бойынша шеберлік сыныптары, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, тегін балмұздақтар таратылды.

Жамбыл облысы әкімдігі
01.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 142
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 179
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 176
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 142
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 289
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 288
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 504
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 462

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9160
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8558
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11785
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9553
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10766