Таразға тартылатын инвестиция көлемі арта түспек

Таразға тартылатын инвестиция көлемі арта түспек

Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Тараз қаласына 21,8 миллиард теңге инвестиция тартылған. Ал, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 150 миллиардқа арттыру көзделіп отыр. Бұдан бөлек, бөлшек саудадағы тауар айналымын 323,1 миллиард теңгеге жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде қала әкімі Бақытжан Орынбеков айтты. Оның сөзінше, инвестициялық жобалар сәтті жүзеге асқан жағдайда жаңа жұмыс орындары ашылмақ.
– Бүгінгі таңда әкімдік тарапынан инвесторларды көптеп тарту мәселесіне айрықша көңіл бөлінуде. Себебі, әрбір инвестиция шаһардың дамуына зор үлес қосып, жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуына мүмкіндік бермек. Атап өтерлігі, қазіргі күні облыс орталығында құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл бұл жұмыстардың көлемін 72,8 миллиард теңгеге жеткізу көзделсе, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданын 372 мың шаршы метрге дейін арттыру жоспарда бар, – Б.Орынбеков.
Спикер сондай-ақ басқосу барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы кеңінен ақпарат берді. Ол өз сөзінде Тараз қаласының дамуын заманауи жоспарлау әрі тұрғындарға қажетті әлеуметтік инфрақұрылымдарды тиімді салу мақсатында жаңа Бас жоспар әзірленгенін атап өтті. Бұл жоспар мемлекеттік сараптамадан сәтті өткен жағдайда көптеген мәселелердің оң шешілуіне мүмкіндік тумақ екен.
Айта кетейік, брифинг соңында жергілікті БАҚ өкілдері өздерін мазалаған сұрақтарға жауап ала алды. Өз кезегінде Бақытжан Орынбеков халықпен кері байланыс орнатылғанын, әр аптаның жұма күні тұрғындарды жеке қабылдайтынын жеткізді.

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
05.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 197
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 158
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 304
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 524
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 475

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9179
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8578
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11806
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9575
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10785