ТАРИХ АҚИҚАТЫН АҚТАРУҒА ҰМТЫЛҒАН ҒАЛЫМ

ТАРИХ АҚИҚАТЫН АҚТАРУҒА ҰМТЫЛҒАН ҒАЛЫМ

Қазақ халқы өз мәдениеті мен ұлтын шексіз сүйген тұлғаларымен әлемге танылған халықтар арасынан алдыңғы орын алары сөзсіз. Тарих – таусылмас қазына. Әрине, тарихтың ақиқатына жету үшін бір адамның ғұмыры жетпесі сөзсіз. Сол себепті де ұрпақтар сабақтастығы, шәкірт тәрбиелеу сынды ұлағатты жолдың қасиеті биік. Ел тарихы, әдебиеті мен мәдениетін түгендеуші ғалымдар қатарынан Тілеуберді Әбенайұлының есімі де алтын әріптермен орын алады. 

Ол Қазақ тарихындағы ғалымдар арасында әлі күнге дейін біржақты тұжырым қалыптаспаған, кез келген зерттеушінің батылы бара бермес пікірталасты мәселелерді зерттеуде 30 жылдан аса ғұмырын арнады.  Ғалымның әкесі ел шежіресінен терең хабары бар, молда кісі болған екен. Ақиқатшыл азамат Тілеуберді Тыныбайын Рашид-ад-диннің «Жәмиғат-Тауарих» жылнамалық еңбегі, Әбілғазы Баһадүрдің «Шежіре-и-түрік» атты өмірбаяндық еңбектері негізінде Шыңғыс ханның шығу тегін, діні, атамекені мәселелеріне іргелі зерттеу еңбектерін арнады. Ол онымен қоса адамзат тарихнамасынан ерте орын алған этнонимдерді зерделеуге көп көңіл бөлді. «Қазақ атауының қасиетті синонимі – Алаш» деп тұжырымдаған ғалым бүгінде ғылымда қате түсіндіріліп келе жатқан тарихи атаулар мен терминдердің түп-төркініне талдау жасады.  Ғалымның өзі өмірден өткен соң, оның еңбегін бағалаған зиялы қауым өкілдері мен ұрпақтары бірлесе, «Шыныңа көш, тарих! Шыңғыс хан кім?» деген атаумен  10 томдық зерттеу еңбегін жарыққа шығарды. Әлемнің бірнеше тілдерін меңгерген Т.Ә.Тыныбайын Күлтегін ескерткішіндегі көне түркілерді біріктірген байырғы деректерді түпнұсқадан және көне қытай тілінен тікелей аударма жасап, түсініктемелерін жазды. 

Т.Тыныбайынның өжеттігі оның өзіндік пікірі, ұстанымы, ешкімге жалтақтамай түйген ғылыми көзқарастарын талқылауға ғылыми-көпшілік назарына ұсынуында еді. Тілеуберді Әбенайұлының қай еңбегін алып қарасаңыз да, түпкі түйінінде ұлттық рух мен мұндалап тұрады. Өз сөзінде Т. Тыныбайын: «Біз әр күні азаттықтың ақ таңында күліп оянғанда, биік парасат иелерінің қадірін жете түсінуіміз керек. Олардың еңбектерін көгілдір әйнекке шығарып, бүкіл ұрпақтардың жүрегіне жеткізу –  біздерге парыз» дегендей, үздіксіз ізденіс нәтижесінде артында қалған мұрасы мен төл тарихымызды түгендеуге арнаған еңбектерінің құндылығына баға беру келешек ұрпақтың міндеті саналады. 

Ғалымның ғылымға адалдығы оның «Біз тарихқа отаршыл жүйе авторитеттері сызған шеңбердің ішінде емес, тарихи құжаттардың, деректердің нақты дәйектемелері аясында зерттеу жүргізуіміз керек» деген ұстанымынан анық көрінеді. 

 

АҚНҰР ОРАЛОВА, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология Институтының PhD докторанты
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 208
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 204
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 709
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 832
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 746

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8903
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8297
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11525
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9281
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10509