«Тасқа айналған» тылсым ару

«Тасқа айналған» тылсым ару

«Қыз әулие» аталатын кесене Жамбыл ауданы, Құмтиын ауылынан батысқа қарай 500 метр жерде, Аса-Жұма тасжолының бойында орналасқан. Осы уақытқа дейін аталған кесенеде ғылыми-зерттеулер жүргізілмеген, тек жергілікті өлкетанушылар мен ауыл тұрғындарының мәліметі негізінде деректер жинақталған.

Жеті бұрышты кесененің қабырғасы ақ кірпішпен қаланған, биіктігі 2,5 метрді құрайды. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан стратегиялық маңызы жоғары орталықтардың бірі – Тараз қаласы мен оның айналасында орналасқан шағын қалалары болған. Әсіресе, ІХ-ХІІ ғасырларда Тараз өңірі өркені өскен өлкеге айналды. Қарахандықтар билік жүргізген заманда Тараз қаласының маңайында көптеген кіші қалалар болды.

Солардың қатарында Тараздың батысында 30 шақырым жерде Дех-Нуджекес, Адахкент қалалары болған. Олардың үйінділері бүгінгі күнге дейін сақталған. «Қыз әулие» кесенесі осы Адахкент қаласы Шахристанының аумағында орналасқан. Ауыл ақсақалдарының айтуы бойынша, ертеректе ауылдың тұрғыны болған бір әйелдің түсіне аян беріп, «Қыз әулиенің» басына жеті бұрышы бар кесене салдырған екен. Аңыз бойынша, ертеде сайдың тасындай жеті ағайынды батыр жігіт болыпты.

Жоңғар шапқыншылығы кезінде қапыда қолға түсіп, жау жеті жігітті сол жерде өлтірген екен. Ағайындылардың артында ай десе аузы, күн десе көзі бар жалғыз қарындасы қалады. Ол қыздың көріпкелдік, әулиелік қасиеті болған. Ағаларының өлгенін, жаудың қызды өз елдеріне әкетпекші болып жатқанын біліп, Алладан өзін тас мүсінге айналдырып, елінде қалдыруын сұраған екен. Әулие қыздың тілегі қабыл болып, тасқа айналған екен деседі.

Содан бері тас мүсінді халық «Қыз әулие» деп атап кеткен. Кесененің жеті бұрышты етіп салынуы да жеті батырға байланысты. Ағайынды жігітке деп жеті бұрышқа шырақ жағу үшін арнайы тұрғызылған. Кесененің арнайы шырақшысы бар, басына мінәжат етушілер жиі келеді.

 

Дайындаған Нұржан ҚАДІРӘЛІ.
23.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 149
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 185
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 182
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 149
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 296
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 294
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 510
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 467

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9167
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8565
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11793
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9561
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10773