Тәуелсіз басылымдар қарақалпақ белсендісіне алаңдаулы

Тәуелсіз басылымдар қарақалпақ белсендісіне алаңдаулы

Өткен аптада Алматы қаласында қарақалпақ белсендісі Ақылбек Мұратовтың тұтқындалғандығы туралы хабар таралды. Көп өтпей соттың белсендіні 40 күнге қамауға алу туралы шешім шығарғандығы белгілі болды. Осыған орай Орталық Азиядағы тәуелсіз басылымдар қайта-қайта мақала жариялап, тұтқындалған қарақалпақ белсендісінің тағдырына алаңдаушылық білдіріп жатыр. Өзбекстан Республикасының құзырлы мекемелерінің сұрауы бойынша қамауға алынған Ақылбек Мұратовты алдағы уақытта Өзбекстанға экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр дейді тәуелсіз ақпарат көздері.

2022 жылы маусымның соңында Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы жоба жариялана салысымен Қарақалпақстан автономиялық республикасының астанасы Нүкіс қаласында жаппай наразылық шерулері басталғаны есімізде. Қарақалпақтар бұл жобаның ішіндегі кейбір тармақтардың алынып тасталуы Қарақалпақ Республикасын мәртебесінен айыруы мүмкін деп алаңдаушылық танытқан еді. Кейін өзбек билігі «түсіндіру жұмыстары дұрыс жүргізілмегендігін» айтып ақталған болатын. Алайда күштік құрылымдар мен шерушілер арасындағы қақтығыс кезінде 20-дан астам адам өліп, жүздеген шеруші жараланғандығы айтылды. 

Осыдан кейін елде белсенділерді жаппай тұтқындау басталып, тіпті шетелдерде тұратын қарақалпақ белсенділеріне де іздеу жарияланған. Соның бірі осы Ақылбек Мұратов болған. Құзырлы органдар Мұратовқа «конституциялық құрылымды бұзбақ болды», «тәртіпсіздікке шақырды» деген айыптар тағып, талай жылдан бері Қазақстанда тұрып жатқан азаматты тұтқындап, Ташкентке жеткізу туралы Қазақстан тарапына сұрау жолдапты.

Халықаралық Адам құқықтарын қорғаушы ұйымдардың ықпалы Ақылбек Мұратовтың алдағы тағдырына қандай әсер ететіндігі қазірше белгісіз. 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
22.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕТІСАЙДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 13.01.2025 25
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 13.01.2025 21
 ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – БАСТЫ БАҒДАР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 13.01.2025 56
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ ТҰРАҚТЫ ЖАЛҒАСАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 13.01.2025 25
ШАРДАРАДА «МАРАФОН-2025» СПОРТТЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 11.01.2025 54
«БІР ҚАЙНАУЫ ІШІНДЕ ЖАТҚАН»  ПАРЛАМЕНТ
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 11.01.2025 249
АТЫ КОЛЛЕДЖ БОЛҒАНЫМЕН, ЗАТЫ ИНСТИТУТ
Жандос ОМАРОВ, Жамбыл облысы, Қордай ауданы - 09.01.2025 330
БАР  ЖАМАНДЫҚ ЕСКІ  ЖЫЛМЕН КЕТСІН!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 09.01.2025 246
ЖАСЫН ҒҰМЫР (Абайдың өнегелі інісі Халиолла Құнанбайұлы туралы)
Әсет МЕДЕУХАНҰЛЫ, журналист, өлкетанушы, Абайтанушы, Абай облысы Абай ауданы, Қарауыл ауылы - 09.01.2025 228
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1578
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 2054

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12829
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11709
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 14947
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 13889
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 18912