«Таза Қазақстан» бағдарламасының игі істері

«Таза Қазақстан» бағдарламасының игі істері

Мұнай саласындағы ірі кәсіпорындар шоғырланған Батыс Қазақстан өңірі үшін қоршаған ортаны қорғау қашан да маңызды.

            БҚО бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары Сырым Тлегенов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен жиында облыстың экологиялық ахуалынан хабардар етті.

Біздің департаментке өңірдің қоршаған ортасын қорғау және кәсіпорындармен табиғат қорғау заңнамалары талаптарының сақталуына бақылау жүргізу міндеті жүктелген. Өздеріңіз білетіндей, қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілер өзінің әсер ету деңгейі мен тәуекеліне қарай төрт санатқа бөлінеді: қоршаған ортаға елеулі жағымсыз әсер ететін (I санаттағы); қоршаған ортаға бірқалыпты жағымсыз әсер ететін (ІІ санаттағы); қоршаған ортаға болмашы жағымсыз әсер ететін (III санаттағы); қоршаған ортаға барынша аз жағымсыз әсер ететін (IV санаттағы) объектілер. Батыс Қазақстан аумағында I санатқа жататын 24 кәсіпорын бар, оның тоғызы – мұнай-газ секторы, төртеуі – коммуналдық, үшеуі – ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы, алтауы – өнеркәсіп, жол құрылысы, қызмет көрсету, екеуі – минералды өнеркәсіп секторлары, – деді Сырым Бақтығалиұлы.

Бұдан әрі департамент өкілі басқа да санаттар бойынша бөлінген кәсіпорындар саны және облыс бойынша қоршаған ортаға эмиссияның динамикасы туралы баяндады. Сонымен қатар осы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша І санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға әсер етуге рұқсат беру жөнінде екі мемлекеттік қызмет көрсетілген. Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау және көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру бойынша 138 өтініш, ал қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру жөнінде тоғыз өтініш қаралған.

Өз баяндамасында департамент басшысының орынбасары С.Тлегенов мемлекеттік экологиялық бақылау, зертхана-талдамалық бақылау бөлімдерімен жүргізілген экологиялық бақылаулар, тексерілген нысандар және жергілікті полиция департаментімен автокөліктерге бірлесе жүргізілген рейдтік шаралар туралы ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ қалдықтарды жинауға және жоюға, сарқынды суларды шығаруға қатысты мәліметтерді назарға ұсынды.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында «Қазгидромет» РМК ОФ автоматты станцияларының деректеріне сәйкес Орал және Ақсай қалаларында, Бөрлі ауылында атмосфералық ауа бойынша экстремалды және жоғары ластану жағдайлары тіркелмеген. Облыстың су көздерінен су сынамаларын алу жоспары-кестесі негізінде Жайық, Шаған және Деркөл өзендерінің сынамалары ай сайын алынған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы 2024 жылдан бастап облысымызда кең көлемде жүзеге асырылуда. Басты мақсат – экологиялық жағдайды жақсарту, аумақты қоқыстан тазарту, абаттандыру, көгалдандыру, су айдындарын қоқыстан тазалау, халықтың экологиялық мәдениетін көтеру. Бүгінгі таңда аталмыш бағдарлама аясындағы тазалық жұмыстарына облыстың 83 586 тұрғыны, 4 мыңнан астам мекеме мен кәсіпорын қатысты. Барлығы 17 020 аула, 1851 көппәтерлі тұрғын үй, 15 169 жеке тұрғын үй, 312 саябақ пен гүлзар жиналды. 54 007 м2 жабын материалы жөнделіп, ауыстырылды, 105 су объектісі тазартылды. Бағдарлама аясында 1141 әлеуметтік нысан, 1362 өнеркәсіптік нысан, 180 тарихи-мәдени ескерткіш қамтылды, 1012 бірлік техника жұмылдырылып, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына 25381 тонна қалдық шығарылды. Облыста халықпен кері байланыс орнату мақсатында «Taza Qazaqstan» платформасы бойынша жасақталған телеграмм чат-боты арқылы өтінімдерді қарап, жұмыс жасау үшін жауапты модераторлар мен орындаушылар тағайындалды, – дейді Сырым Бақтығалиұлы.

 

Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ,

Батыс Қазақстан облысы

12.06.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14163
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14103
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29249
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27891
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31412