«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқын алды

 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқын алды

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбіліктер өткізу Абай облысының барлық аудандарында белсенді ұйымдастырылып жатыр. Аймаққа қарасты қалалар мен аудандарда көгалдандыру және қоқыс жинау,  аялдамаларды жуу, ескерткіштерді тазалау, ағаштарды әктеу, олардың түбін қопсыту сияқты жұмыстардың қайсына болсын, барлық сала өкілдері бір кісідей атсалысқаны көңілге қуаныш ұялатады. Сонымен қатар, Семей орманының аумағына 6 гектар жерге 28 560 көшет отырғызылды.

Аталған экологиялық акцияның бастау алар сәтінде сөз алған облыс әкімі  Нұрлан Ұранхаев екі айды еншілеп отырған экологиялық акцияның мәні зор екендігін атап өтті. 

«Мемлекет басшысының бастамасын бүкіл Семей жұртшылығы, облыс тұрғындары қолдайды. Қазір облысымыздың әрбір аудан, қалаларында сенбіліктер өткізілуде. 2 айлық тазалық жұмыстары шеңберінде көшелерді, жол жиектерін, қоғамдық орындарда қоқыс қалдықтарынан арылтып, абаттандыру және тағы басқа өзге де санитарлық шаралар    қаламыздың әр ауданы мен шалғайдағы ауылдарына дейін қамтылатын болады»,  – деді   аймақ  басшысы Н.Тельманұлы.

Облыс акция барысында Ертіс өзені мен қала аумағына көрік беріп тұрған «Бейбітшілік» аралына арнайы барды. Ондағы қалқымалы көпір аумағына барып, жағалаудағы бекіту жұмыстарымен де танысты. Сол тұрғыда қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовқа жағдайды бақылауда ұстауды, сонымен қатар аралды су басу қаупінің алдын алуға қатысты тапсырмалар берді. 

Жалпы, биыл Абай облысы аумағында 65 000 түп көшет отырғызу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Абай ауданы – 4 000 түп, Аягөз ауданы – 8 000 түп, Бесқарағай ауданы – 8 000 түп, Бородулиха ауданы – 7 000 түп, Жарма ауданы – 5 000 түп, Көкпекті ауданы – 6 000 түп, Ақсуат ауданы – 6 000 түп, Курчатов қаласы – 3 000, Семей қаласы – 9 100 түп, Жаңасемей ауданы – 900 түп, Үржар ауданы – 7 000 түп, Мақаншы ауданы – 1 000 түп ағаш отырғызу ісі қолға алынды. Облыс орталығы Семейде қоғамдық орындардың аумақтарында жалпы ауданы 13 500 шаршы метр болатын қосымша гүлзар отырғызылады.

 

Ескерткіштер де ескерусіз қалмайды 

 

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс аумағындағы ескерткіштер, саябақтар, киелі орындарды қоқыстан тазарту жұмыстары да өз жалғасын тауып жатыр. Мәселен, Бесқарағай ауданында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне салынған 18 саябақ, 4 ескерткіш және 48 демалыс саябағын тазарту жұмысына ауданның 3 000 тұрғыны білек сыбана кіріскенін атап өткен жөн болар.

Айтпақшы, осы ауданда ұйымдастырылған «Киелі мекен» экологиялық акциясы өтті. Оған облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, көпбалалы аналар, жастар, еріктілер мен аудан тұрғындары қатысты. «Киелі мекеннің» мақсаты – тарихи-мәдени ескерткіштер мен олардың аумағын сақтау және қалыпты жағдайда ұстау. Биыл осы ауданның атын елге әйгілеп тұрған ең көне ғимараттың бірі Ақкөл мешітіне 117 жыл толады.

1907 жылы салынған көне мешіт Омбы-Майқапшағай республикалық тас жолынан «мен мұндалап» анық көрінеді. Мешіт бірде-бір шеге қағылмай, таза ағаштан салынғандығымен ерекшеленеді. Тарихи деректерге сүйенсек, бұл мешіт өз заманына белгілі саудагер, қажы Сұлтан Фазылбековтің мұрындық болуымен салынған екен. Құрылыс жұмыстарына Ертіс бойындағы әр өңірден материалдар жеткізіліп, үздік башқұрт сәулетшілері тартылған. Кеңестік дәуір саясаты кезінде бастауыш мектеп, кітапхана, ауылдық клуб есебінде пайдаланылғаны да бір қызық. Салынғанына ғасырдан асса да өзінің қалпын сақтап тұрған мешіт облыстық тарихи-мәдени ескерткіш мәртебесіне ие. 

Бесқарағайлықтар «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысып жатқанын айта кетуіміз керек. Биыл ауданда 230 көшеге абаттандыру жүргізіледі.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Үржар ауданында 19 көшеге  тазалық жұмыстары жүргізілді. Шамамен 30 тонна қатты қалдықтар шығарылып, 50 000 шаршы метр аумақтың айналасы көрікті қалпына оралды. 

Жалпы аудан бойынша 16 ауылдық округте 400-ден астам адам қатысқан тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. 100000 шаршы метр тазартылды. Сонымен қатар, санитарлық-гигиеналық жұмыстарға 19 бірлік техника жұмылдырылып, 60 тонна қатты қалдықтар шығарылды. 

«Таза Қазақстан» акциясы әр апта сайын түрлі бағыттарда экологиялық іс-шаралармен жалғаса бермек.

 

СӘТЖАН ҚАСЫМЖАНҰЛЫ,

Абай облысы

16.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 34
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 111
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 302
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 925

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8998
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8393
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11618
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9376
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10602