«Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығының аясында Кентау қаласында экологиялық іс-шара өтті. Жасыл желекті Кентау қаласында көгалдандыру бойынша бірқатар ауқымды істер атқарылуда. Қала әкімі Жандос Тасов және мекеме басшылары, қызметкерлер көше бойларына тал көшеттерін отырғызып, қала тазалығына белсенді қатысты.
Қала басшысы тұрғындарды қала тазалығын сақтауға, табиғатты аялап, экобелсенді болуға шақырды.
Экоакцияға қала және ауыл тұрғындары, медицина мен білім мекемелері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, коммуналдық саланың барлық мекеме қызметкерлері қатысты. Сонымен бірге қаланың ірі және кіші кәсіпкерлері, кәсіпорын жұмысшыларыда қаланың тазалығын сақтап, көркіне әсемдік сыйлауда белсене атсалысты.
Жалпы осы сәтке дейін саябақ аумағы мен аллеяларға 25 мың раушан гүлдері егіліп, 8500 тал көшеттері отырғызылды.
Қалада тазалық акциясы қарқын алып, үш апта көлемінде мыңдаған көшет отырғызылып, елді мекендер мен көшелер тазаланды. Қала көшелері мен саябақтағы ескерткіштер маңы тазаланып, туристік аймақтардың ажары ашыла түсті.