🔰Тазалық – мәдениеттің көрінісі, тәртіптің бастауы.

🔰Тазалық – мәдениеттің көрінісі, тәртіптің бастауы.
🔹Әсіресе, туристік аймаққа айналуды көздеген Тараз қаласында тазалық мәселесіне айрықша мән беріліп келеді. Бұл бағытта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар – сөзіміздің жарқын дәлелі. Соның ішінде талдарды балақтау жұмыстарын ерекше атап өткеніміз абзал.
Әрине, күтімсіз, бейберекет өскен тал-дарақтардың шаһардың шырайын қашырып, көркін бұзатыны сөзсіз. Оның үстіне тұрғындарға да қолайсыздық тудырады. Сондықтан оларды уақытында балақтап тұру маңызды дүние. Бұл тұрғыда облыс орталығында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
📌Қазіргі таңда «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің ағаш кесу учаскесінде 3 дана автокөтергіш, 3 дана МТЗ-80 трактор және онға жуық жұмысшы еңбек етуде. Олар қала тұрғындарынан түскен арыз-шағымдар бойынша тиісті жұмыстар атқаруда.
🔹Мәселен, 2023 жылы Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тал кесу мен балақтауға 757 арыз түскен. «Жасыл ел-Тараз» мекемесі арнайы кесте бойынша, 517 арызды орындаған. Сондай-ақ жасылелдіктер қала ішінде жоспардан тыс 1000 - 1500 талға дейін бұталайды. Бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз жалғасын табуда.
Тараз қаласының әкімдігі
04.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 578
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 763
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 748

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19508
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19325
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34452
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33009
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36827