«ТЕҢДІК ҮШІН» ӘРЕКЕТ ЖАЛҒАСА БЕРМЕК

«ТЕҢДІК ҮШІН»   ӘРЕКЕТ ЖАЛҒАСА БЕРМЕК

Бүгінгі қоғам білетін зорлық-зомбылық ол – әйел адамның тұрмыс жағдайында жапа шегуі, ер-азаматтың физикалық күш көрсетуі. Бұл зорлық-зомбылықтың жалғыз түрі емес. Әйел адам психологиялық, экономикалық, жұмыс орнындағы гендерлік тиістілік, этникалық тегі, ұлты, нәсіл, дін тағы басқа жағдайларда да жапа шегетіндігі мәлім. Қазақстанда соңғы бес жылда әйелдерге қатысты ауыр қылмыстар саны 153%-ға, отбасылық-тұрмыстық салада 2,3 есеге өскен.

 25 қараша Халықаралық әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою күні қарсаңында  Орталық Азия елдерінің көшбасшы әйелдері форумы, омбудсмендер, азаматтық қоғамдар бірігіп, «Орталық Азиядағы кеңейтілген диалог: «Зорлық-зомбылыққа қарсы күрес: Тәуекел топтағы әйелдер мен қыздар. Себептерді жою және көмек көрсету. Әділеттілік үшін қолжетімділікті нығайту» атты дөңгелек үстел өткізді. Сонымен қатар, БҰҰ қолдауымен «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділік 16 күні бойы жалғасады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша,  сексуалдық зорлық-зомбылықтан 1,3 миллиард адам зардап шеккен. Әрбір үшінші әйел физикалық немесе сексуалдық зорлыққа ұшырайды. Әр сағатта  5 әйел-ана отбасы мүшелерінің қолынан көз жұмады. Жақында ғана орын алып, жұртты дүр сілкіндірген Алматы қаласының тұрғыны  Ирина Веденяпинаның оқиғасын еске алайық.  Әйелдің айтуынша, жұбайы бес жасар қызының көзінше оны пышақтап тастаған. Ол әлеуметтік желідегі парақшасына: «2022 жылдың 21 мамырында таңғы сағат 5.30-да күйеуім мені пышақтайын деп жатқан жерінен ояндым, бір қолымен ол менің аузымды басып, екінші қолымен мойныма пышақ сұға бастады. Қолын аузымнан алып тастауға әлім келмеді, пышақпен соққылай берді. Кейін жолдасым жедел жәрдем шақырып, пәтерден ізін суытты», – деп жазды Ирина. Зардап шеккендердің тек 40 пайызы ғана көмек сұрауға бел буады. Күйеуі адам өлтіруге оқталғанымен, оған «денеге ауыр жарақат салу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтады. 

Іс-шара барасында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова: «Қылмыстық шаралардың заңнамалық реттелуіне қарамастан, екі жылдық тәжірибе олардың төмен нәтижелілігін көрсетіп отыр. Осыған байланысты «Сервистік полиция» жобасы шеңберінде полиция қызметтерінің жұмысын қайта форматтап, азаматтық институтпен әріптестік жұмыс, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктері мен дағдыларын дамытып, психологтар, әлеуметтанушылар мен мәдениет саласындағы мамандарды тартып зорлық-зомбылыққа ден қоюды күшейту қажет», – деп атап өтті.

Қазақстандағы «БҰҰ– әйелдер» құрылымының өкілі Мария Доценко: «Биылғы науқан азаматтық белсенділікке және әр адамның жеке әрекеттеріне бағытталған.  Себебі гендерлік зорлық-зомбылықты тек бірігіп жоюға болады», – деді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес «Теңдік үшін әрекет» аймақтық виртуалды алаң шеңберінде өткізілуде. Дөңгелек үстелге Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркияның Адам құқықтары жөніндегі уәкілдері мен Әйелдер істері жөніндегі құрылымдардың көшбасшылары, ұлттық, халықаралық ұйымдар мен азаматтық сектор өкілдері, құқық қорғаушылар мен сарапшылар қатысты.

Мемлекет басшысы 2021 жылы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлардың штат санын арттыруын тапсырған.  Осы орайда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Нұркина өз ойын былай білдірді: «Қазақстан гендерлік зорлық-зомбылықтың түпкі себептерін жоюға және тәуекел тобындағы әйелдер мен қыздарға көмек көрсетуге ынтымақтастығын білдіреді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерінің саны екі есеге артып, тиісті нормаларға жетті», – деді. 

Таяуда Қазақстандағы 39 дипломатиялық миссия мен халықаралық ұйымдар бірлескен мәлімдеме таратты. Онда әйелдерді зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғау үшін заңнамасын жетілдіріп,  қазақстандық әріптестерге қолдау көрсетуді жалғастыруға дайын екендігін білдірген. 

Қазақстанның гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылдаған шаралары аясында «Әйелдер, бейбітшілік, қауіпсіздік және гуманитарлық қызмет» халықаралық келісімге қосылуды қарастыруы да маңызды қадам болмақ. Аталмыш шарт «Ұрпақ теңдігі» жаһандық форумының (Париж, 2021 ж.) негізгі нәтижелерінің бірі және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету ісіндегі прогресті жеделдету құралының бірі.

Ер адамдардың басым көпшілігі жеке өмірінен тыс ортада қайтыс болғанымен, әйелдер  үшін ең қауіпті жер – өз үйі. Олардың шамамен 56%-ы  жақын серіктестері немесе басқа отбасы мүшелерінің қолынан қаза табады. Ер адамдар үшін бұл көрсеткіш жалпы санының 11%-ын құрады.

 

Балжан АЛЖАНОВА
05.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 99
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 617
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 735
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 647
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 656

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8791
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8192
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11419
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9173
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10404