13 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Словакияда өтіп жатқан Baseline Open U-14 2022 Tennis Europe сериясының 2-категориядағы турнирінде жеңіске жетті. Аталған халықаралық турнир Банска-Бистрицада өткен болатын. Финалда Нұрланұлы Зиго Шешконы (3-нөмір) 3:6, 6:2, 7:6 (1) есебімен жеңді. Жеңімпаздың өзі: «Әрине, жеңісімді тойлаймын. Бірақ демалуға уақыт жоқ, жұмысты әрі қарай жалғастыру керек. Біраз демалып, содан кейін Португалиядағы турнирде ойнауға ниетім бар. Содан кейін құрама сапында Үндістанға барамын, онда жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына іріктеу матчтары өтеді. Ұлттық команда үшін ойнау – өте жауапты іс. Құрама сапындағы дебют өмір бойы есте қалатын сәттердің бірі болады», – дейді.