ТЕРРОРИЗМНІҢ ЕҢ СОРАҚЫСЫ – ДІН АТЫНАН ЖАСАЛҒАНЫ

ТЕРРОРИЗМНІҢ ЕҢ СОРАҚЫСЫ – ДІН АТЫНАН ЖАСАЛҒАНЫ

Діни лаңкестік – дінді сілтеме ретінде алып, өзінің заңдылығын діннен алатын терроризм түріне айналады. Діни терроризм, діни рәміздер мен құндылықтарды пайдалана отырып жергілікті саяси билікті тартып алудың және пайдаланудың барлық жолын қарастырады.

 

Зорлық-зомбылық дегеніміз – қарама-қайшы көзқарастағы адамдарды көндірудің орнына, дөрекілікпен немесе күш қолдану арқылы бірдеңе жасауға немесе белгілі бір идеяны қабылдауға мәжбүрлеу. Ал терроризм – қорқыту, қинау, күш қолдануды үйрету, адамдарды өлтіру, мал-мүлкін өртеу және тартып алу, адамдарды арандатып қоғам арасында бүлік шығару сияқты мағыналарды қамтиды.

 

Терроризмнің зорлық-зомбылық жасаудағы мақсаты – саяси мемлекетті басып алу үшін жүйелі түрде қолдану деп айтуға болады. Мұнда ұйымшылдық пен сабақтастық негізгі қағидалары болып табылады.

 

Терроризм деп сипатталатын зорлық-зомбылықта ешқандай ереже жоқ. Оның барлық түрі жаман, дінмен байланыстырып зорлық-зомбылық жасағаны ең сорақысы. Адамзаттың болашағына қауіп төндірген терроризмнің қаупі тек Қазақстанда ғана емес, барлық елде бар. Шын мәнінде зорлық-зомбылық пен терроризмнің жынысы, ұлты, діні, сенімі болмайды. Яғни, ешқандай дін зорлық-зомбылық пен терроризмді қолдамайды. Жер бетіндегі діндердің барлығы дерлік, адамдардың өмірі мен мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, ізгілік пен әділеттілікке шақырады.

 

Мәселе діндерде емес, дін ұстанушылар түсінігінің таяздығында. Осы себепті жаһандық ауқымда діни терроризммен күресудің жолы ең алдымен діндер туралы нақты ақпаратқа байланысты. Алла тарапынан барлық дін адамдар үшін жіберілген және адамзаттың екі дүниесінде бақытты ғұмыр жолын көрсету мақсатында келген дей аламыз. Иудаизм, христиандық, ислам, буддизм және индуизм сынды әлемдік діндердің ортақ моральдық қағидаларына қарайтын болсақ, барлығында адалдық, тазалық, мейірімділік пен жақсылық, үлкенді сыйлау және басқаларға зиян келтірмеу деп түйіндеуге болатынын көреміз.

 

Барлық діндерде адамды әділетсіз өлтіруге тыйым салынған. Сонымен қатар, ұрлық-қарлықты және жалған куәлік беруді ешбір дін құптамайды. Барлық діндерге ортақ осы негізгі қағидалар, дұрыс ақпаратпен атап көрсету адамдардың дін атын жамылып, басқа дін өкілдеріне жаман қараудан сақтайды. Дәл осылай діндердің басқа дін өкілдеріне деген көзқарасын да салауатты түрде қайта енгізу қажет.

 

Осы себепті де діндердің ортақ мақсаты адамдарды жамандықтан құтқару екенін негізге ала отырып, ең алдымен адамдық қасиетті жоғалтпау керектігін алға тартуға болады. Жаһандық зорлық-зомбылық пен терроризмнен құтылудың басты жолы діндердің өзегіндегі ортақ құндылықтарын ауқымды әрі тиімді етуіне байланысты.

 

Екінші жағынан алғанда, діндер адамзаттың бейбіт өміріне үлес қосуы үшін жеке сананы тәрбиелеу өте маңызды. Діннің ең негізіне үңілер болсақ, жекелеген адамдарға бағытталған. Ислам дінін негізге алып ойласақ, иман да, жауапкершілік те, құтқарылу да жеке адамға тікелей қатысты екенін көреміз.

 

Ислам дінінде әр адам өз еркімен сенеді және сенуге мәжбүрлеуге болмайтынын айта аламыз. Сенім тікелей Алла мен адам арасындағы кеңістік, бұған ешкімнің араласуы мүмкін емес. Сондай-ақ, исламда ешкім басқа біреудің күнәсін арқаламайды және басқасы үшін жауапкершілікке тартылмайды.

 

Сол сияқты жұмаққа немесе тозаққа бару әр адамның таңдауының нәтижесінде орын алады. Әркімнің жұмаққа баруға құқығы бар. Әр адам жәннатқа лайықты болған кезде барады. Жәннатқа барғысы келген адам алдымен таухидке берік сенімде болуы керек, содан кейін тікелей жақсылық (игі істер) жасауы керек. Бұл шындық Құранда былай деп баяндалады: «Раббымыз – Алла деп, тура жолды ұстанғандарға еш қорқыныш жоқ және олар қайғырмайды. Бұлар жәннат тұрғындары және олар жасаған жақсылықтары үшін сонда мәңгі қалады» («Ахқаф» сүресі, 13-14 аяттар).

 

Зорлық-зомбылық пен лаңкестіктің түбінде жекелеген адамдардың санасының уланғанын байқаймыз. Міне, осы себептен, діндер зорлық-зомбылық пен терроризмді тыю үшін адамдардың жеке түсінігіндегі діннің негізгі қағидаларын білуі қажет. Яғни қандай жағдай болмасын ез еркіңмен басқасының жанына, мүлкіне және арына қол сұға алмайтынын насихаттау керек.

 

Қортындылайтын болсақ, барлық діндер адамдардың бейбіт және тыныш өмір сүруі үшін жіберілгендіктен, олардың ортақ қағидалары, құндылықтары жаһандық зорлық-зомбылық пен терроризмге қарсы екенін білуіміз маңызды.

 

Бұл арада дін ұстанушының жеке басына қатысты жасаған қателігін діннен туындамағанын айтуымыз және дінді қорғау арқылы жамандықтың қате екенін көрсету де маңызды. Террорлық әрекет жазықсыз адамдардың өліміне әкеп соқтыратындықтан, ол кім, қандай мақсатта жасалса да, адамдық ар-намыспен үйлеспейтін әрекет болып табылады және оны қатаң айыптау керек.

 

Сонымен қатар, кез келген дінді ұстанушының қателігін дініне жатқызу – ең ауыр кедергілердің бірі. Барлық дін зорлық-зомбылық пен лаңкестікке қарсы екенін насихаттау арқылы адам санасына бағыт-бағдар бола алады деген сенімдемін.

Исатай БЕРДАЛИЕВ, Ислам Құқық Ғылымдарының докторы
03.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 35
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 83
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 35
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 40
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 35
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 77
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 83
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 277
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 273
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 894

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8972
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8366
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11592
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9350
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10576