Тілді жетімсіреткен тек өзіміз

Тілді жетімсіреткен тек өзіміз

Тіл  – мәдениеттің басты қозғаушы күші. Кез келген ұлттың күш-қуатын тілі мен ой-пікірінің әлеуетіне қарап бағалауға болады. Бүгінгі таңда әрбір қоғам сөйлеу мәдениеті мен ойлау өресінің арқасында әрбір қоғам (ұлт) бүгінгі ой-пікірі мен тілін кем-кетігіне қарамастан қызғыштай қорып, дәуірдің, өмірдің қатал шарттарында шыңдай отырып, болашақ ұрпаққа жеткізіп отырады. Сонда ғана қоғамның ой-пікірі мен тілге қатысты жиған-терген тәжірибесі, жетістіктері сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырады. Бір ұрпақ ата-бабаларынан келген құндылықтардың игілігін көретін болады. Сонда ғана бүгінгі ұрпақ ата-бабаларының жетістіктері мен қателіктерін қатар көріп, өз жетістіктері мен қателіктерінен сабақ алады. Осының нәтижесінде ата-бабалары жасаған қателікті дәл сол күйінде қайталаудан аман қалмақ. Тіл мен ой-пікірге қатысты осы қағида – барлық ұлттарға тән мәселе. Дұрысында әрбір «тіл» – серпінді дамуға қарай бет алған ойдың тілі, ал «ой» – тілдің құралы.

Тіл ішкі серпінмен әрбір жайтты жеткізу барысында заман талабын үнемі үндестіруге шамасы келе бермейді.  Сондықтанда егер сол тілде сөйлейтіндер кейбір мағынаны жеткізуде қиындыққа душар болып жатса, онда тіл ойдың қолдауынан ажыраған деген сөз, ал мұндай тіл жетім, оны қолданатындар бейшаралық күйден аса алмайды. Егер де өзіміз туралы сөз еткенде, айналамыздан естіп үйренгеніміз арқылы немесе лұғатта жинақталған сөздерге ғана қанағат ететін болсақ, онда мектептер, өндіріс мекемелері, сауда жәрменкелері, технология қарыштап дамыған қазіргі заманғы қоғамда үніміз шықпай, айналамызға жаутаңдауға мәжбүр боламыз. Ал бұл жағдай – өз кезегінде қазіргі заманның шарттары мен динамикасын жете түсіне алмауға ұрындырады.  Әлемдегі ел-жұрттың, сондай-ақ замандас елдердің аламан бәйгесінде көштен қаламыз деген сөз.

 

Әлсіздіктердің құрбаны болмауымыз керек!

Бұрындағы тілі мен мен ойы арқылы заманға сай бой түзей алмаған ғаріп қоғамдардың өмірі ақыр аяғында зиянға ұшыраған-ды. Бұдан кейін де бұл құбылыс жалғасын таппақ. Осы тұста, тiл мен ой iспеттi, бұлардың таралуы да өте манызды. Сөйлейтiн аузы мен ойлайтын миы жоқ қоғамның орнына ылғи да өзгелер сөйлейді және ойлайды. Ойламай сөйлеген көп тобырдың дүрмегiне iлескен қисын – тiлдiң құлы іспеттес. Ал ойлаған нәрселерiн айта алмаған бейбақтар – өз әлсiздiктерiнiң тұтқындары. Мұндайлардың өзгелерге мысқалдай пайдасы жоқ. Әйткенмен өмiрде үнемi емiн-еркін ойлап, ойлағанын анық жеткізе алатын жандар аз болса да бар. Және олар да өз бастарынан көптеген қиындықтарды өткерiп жатканын айта аламын. Зиялы деп жүрген кейбiр жандар өз қоғамына мүлдем жат болып кеткендiктен, елдiң сенiмiн ақтамағандықтан , ой-өрiсi өте тар әрi аузын қу шөппен сүрткендiктен, Қалың бұқара бұлардың сөздерiне, iс-амалдарына әманда қарсы көзқараста болып жатады. Сондай-ақ әлгi зиялы азаматтар коғамға жат пiкiрде болып, бөтен ойлап, басқаша толғанды, бiрақ өз ана тiлдерiнде жазуға ұмтылғандықтан және үйде, көшеде, шайханада «қожайынының» тiлiмен сөйлеуге мәжбүр болғандықтан әрқашан да бiр уақытта бірнеше жердi аралап жүргендей «көп мекендi имидж калыптастырып, ой-пiкiрлерi ел-жұрттың ойымен бiрдей шықпагандықтан, қоян-қолтық араласып жүрген жамағаттың iшiнде ойлаған ойын сөзбен жеткізе алмай, қара терге түсiп жатады. 

Тiл де – өзге ғылым салалары сынды жеке дара өз нарқы бар феномен. Керек болса, бұлардан да маңызды. Сондықтан да оған еш уақытта иғтибарсыз қалуға болмайды. Бiрде-бiр ұлт ана тiлiн ешқашан ғылымнан шет калдырмауы керек және осыған қол жеткізу үшін қажыр-қайрат жұмсап, ғылым саласында көпшіліктің қызығушылықпен жалықпай зерттейтiн терең тақырыбына айналдыруы тиіс. 

 

«Әлем әдебиеті» журналына шыққан мақаласынан
14.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 178
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 173
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 683
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 803
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 717

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8873
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8268
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11496
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9252
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10479