«Тобыл» – ел чемпионы

«Тобыл»  –  ел чемпионы

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі мәресіне жетті. Биылғы доп додасында бас жүлде Қостанайдың «Тобыл» командасына бұйырды. Қостанайлық клуб соңғы турда Оралда «Ақжайықты» 2:0 есебімен тізе бүктірді. Чемпиондықтан тағы бір үміткер елорданың «Астанасы» өз алаңында Түркістанның «Тұранымен» 1:1 есебіне қанағат білдірді. Ал үздік үштікті түйіндеген Алматының «Қайраты» сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісуымен» 0:0 есебімен тең түсті. Төртінші орын үшін таласта Петропавлдың «Қызылжары» Шымкенттің «Ордабасы» клубын 3:2 есебімен сүріндірді. Нәтижесінде төртінші орын петропавлдық командаға бұйырды. Сондай-ақ сырт алаңда Қызылорданың «Қайсары» «Таразды» 2:1, Ақтаудың «Каспийі» «Ақтөбені» 5:1 есебімен тізе бүктірді. Ал Қарағандыда «Шахтер» «Атырауды» 3:1 есебімен жеңді. Енді Қазақстан кубогының жартылай финалдық ойындары өтеді. Жарыстың аталған сатысында «Астана» мен «Қайрат», «Тобыл» мен «Шахтер» кездеседі. Командалар 1/2 финал ойындарын 6 және 20 қараша күндері өткізеді. Финал 28 қарашаға белгіленген.

Ермек Сахариев
04.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 350
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 495
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 339
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 199

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18253
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18112
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33302
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31853
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35569