ТОҒЫШАРЛАР ТЕАТРҒА БАРЫП ТҰРЫҢДАР...

ТОҒЫШАРЛАР ТЕАТРҒА БАРЫП ТҰРЫҢДАР...

Баяғыда осындай бір інішегім болды. Миллионер. "Долларовый" миллионер. Үлкен қызметте істейді. Маған "көке-көке" дейді, өзі менімен рулас. 

 

Бір күні: ""Көке-көке" дейсің, көкеңнің Әуезов театрында "Актриса" деген премьерасы өтіп жатыр, келінді ертіп келіп көрсейші" дедім, "Ойбай, көке барамын, шопырымды жіберемін, билет жіберіңіз" деді. Билет жібердім. 

 

Артынан ызбандайды: "Көке, Әуезов театры қай жерде" деп. "Әй, бармай-ақ қой" дедім. Мен осындайларға таңғаламын.

 

Кейіннен жолыққанда айттым: "Сен ғой Алматыда бес жыл оқыдың. Қол ұстасып келінмен қыдырып жүрдіңдер. Сонда бір де бір рет театрға барған жоқсыңдар ма? Келін де айтпай ма театрға барайықшы деп, сонда екеуің кездескенде не сөйлесесіңдер?! Ішкен-жегендеріңді ғана айтасыңдар ма?!  Жаңадан алған көйлегіңді айтасың ба? Әлде шалбарыңның балағын қысқартқаныңды не ұзартқаныңды айтасың ба?!" 

 

Міне, осындай тоғышарлар көбейіп бара жатыр. Қазіргі көптеген чиновниктер оқу бітіргенен кейін, бірде бір көркем шығарманың бетін ашпағанына кәміл сенемін

Дулат Исабеков
26.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда шөп орағы басталды
Жанысбек Арыстанбеков Әшір Бүркітбаев ауылы - 27.05.2023 90
АГРОСАЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы - 27.05.2023 34
Әскери міндеттілермен кездесу
Қордай ауданының әкімдігі - 27.05.2023 73

Топ жаңалықтар

1
Шыңғысханның төр мен босағаны сынауы
Show more
- 2023-05-27 63
2
Қарағанды да бос орындар жәрменкесі өтті
Show more
- 2023-05-27 63
3
Оралдық оқушы республикалық білім додасында жеңімпаз атанды
Show more
Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы - 2023-05-26 151
4
Жарты ғасыр тарихы бар - Маңғыстау газеті
Show more
Голрох Жеменей - 2023-05-25 312
5
Вейп пен электронды темекіге тыйым салу керек пе?
Show more
Нартай Сарсенғалиев, ФБ парақшасынан - 2023-05-23 494