Томирис Заир "Әлем аруы-2023" сұлулық байқауында Қазақстанның намысын қорғады.

Томирис Заир "Әлем аруы-2023" сұлулық байқауында Қазақстанның намысын қорғады.

20 жастағы Томирис Заир Сальвадордағы "Әлем аруы-2023" сұлулық байқауында Қазақстанның намсын қорғады. Томирис- "Алматы аруы-2022" және "Қазақстан аруы-2022"атақтарының иегері. Ұлттық костюмдер шоуында ол Қырғызстаннан келген дизайнер Орзубек Амановтың көйлегін киіп шықты. "Бұл киім менің ұсынысымның ажырамас бөлігіне айналды және Мен өз елімнің Қазақстанды осындай керемет туындымен таныстыру мүмкіндігіне ие болғанымды мақтан тұтамын", - Томирис өзінің Instagram аккаунтында жазды.

«Әлем аруы-2023» сұлулық байқауына Қазақстан атынан қатысқан Томирис Заир финалдан кейін өзіне қолдау көрсеткен отандастарына алғысын білдірді.

«Қазақстан, қолдау көрсеткенің үшін рахмет! Мен сені жақсы көремін! Бұл — керемет тәжірибе және осындай ауқымды жобада сүйікті елімді таныстыруға тамаша мүмкіндік алдым.  Әрқайсыларыңызға сенімдеріңіз үшін, махаббаттарыңыз үшін рахмет», — деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Томирис байқаудың арқасында әлемнің түкпір-түкпірінен келген қыздармен танысып, олардың мәдениетін аз да болса білгенін тілге тиек етті. 

20 жастағы қазақстандық ару отандастарын өзін танытудан, жеке қарым-қабілетін көрсетуден  қорықпауға және көп армандауға шақырды.

«Біз армандаған нәрсеге жету үшін мықтымыз, өйткені әрқайсымыз жақсы деген бағаға лайықпыз», - деп қосты Томирис Заир.

Томирис Заир – Miss Almaty-2022 және Vice Miss Qazaqstan-2022 атақтарының иегері. Ол екінші курс студенті, «маркетинг» мамандығы бойынша білім алып жүр. Соңғы 4 жылдан бері модель болып жұмыс істейді. 6 жасынан бастап музыка мектебінде домбыра мен фортепиано үйренді.

«Әлем аруы-2023» 72-ші халықаралық сұлулық байқауында отандасымыз бірнеше образда өнер көрсетті.

Еске сала кетейік, «Әлем аруы» байқауында Никарагуа өкілі жеңіске жетті.

 

АЯУЛЫМ ДИЛДАБАЙ

27.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14420
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14342
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29487
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28116
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31651