Тоқаевқа басты қауіп – олигархтар

Тоқаевқа басты  қауіп – олигархтар

NEGE-ге берген сұхбатында  дипломат әрі  саясаттанушы Қазбек Бейсебаев: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу барысында: «Ұлттық мүддені аспен де, таспен де қорғаймыз», – деп,  ел тәуелсіздігін қарумен қорғауға дайын болуды тұспалдап жеткізді. Халықтың билікке қоятын сауалдары бар. Президент соған жауап беріп жатыр. Бұл да – саяси технология. Бір жағынан қауіп-қатер де бар. Оны мойындау керек. Украинадағы соғыс Ресейдің әскерінде де, қару-жарағында да олқылық бар екенін көрсетті. Кейбір әскери мамандар кәсіби әскерден бас тартып, жаппай әскери міндеттілікті қайтаруға, әскери борышты 2 жылға дейін ұзартуға шақырып жатыр. Әлемде қауіп-қатер бар. Қитұрқы ештеңе жоқ бұл жерде. Қазақстан – Ресей немесе Қытай секілді алпауыт мемлекет емес. Халқымыздың саны небәрі 20 миллион ғана. Әскеріміз де аз. Біз секілді мемлекеттерге дипломатия өте маңызды. Соңғы екі-үш айда әлемдік тұлғалар Қазақстанға келіп, маңызды мәлімдемелер жасады. Мәселен, Қытай басшысы Си Цзиньпин келіп кетіп, Қазақстанның аумақтық тұтастығына Қытайдың кепілдік беретінін айтты. Рим папасы да келді. Түркия басшысы Ердоған да осы тақілеттес пікір білдірді. Президент Тоқаев Путиннің өзімен де кездесіп жатыр. Дипломатиялық жағынан бәрі дұрыс қадам. Десе де, «өз әскерін асырамаған, өзгенің әскерін асырайтын болады» деген тәмсілді ұмытпағанымыз жөн. Әскери борышты өтеудің мерзімін ұзартып, әскерімізді заманауи қару түрлерімен жабдықтау қажет. Украинадағы соғыс көп нәрсені көрсетіп жатыр. Мемлекет болғаннан кейін қарулы күштерге баса назар аудару керек. Самарқанд саммиті – ішкі ісіміз. Біз – түркі мемлекетіміз. Бұл сияқты араб елдерінің, Латын Америкасының өз ұйымдары бар. Түркі мемлекеттері Кеңес одағы ыдырап кеткеннен кейін ғана егемендігін алды. Оған дейін әлем картасында жалғыз түркі мемлекеті Түркия ғана болды. Енді ғана қарым-қатынасымызды нығайтып жатырмыз.

Шынтуайтына келсек, мемлекеттер тіл мен дінді негіз етіп одақ құра алмайды. Діні бір, тілі ұқсас украин және орыс халықтары соғысып жатқан жоқ па? Басты факторлар – экономика мен саясат. Ресейді алып қарасақ, бұл елдің халқы тек орыстардан тұрмайды. Татарлар, башқұрттар және басқа да түркі халықтары бар. Біздің қазақтар да миллионға жуық. Шынын айтқанда, орыстардың бізде шаруасы да жоқ. Түркі мемлекеттері бас қосып, бірге шаруа атқарса да, онысы Ресейге қарсы бағытталмаған. Айталық, Түркия – қазір Ресеймен ынтымақтастығын арттырып жатқан Еуропадағы жалғыз ел. Ресейден газ құбырын тартпақ. Түркия – керемет саудагер. Газды Ресейден алып, ертең Еуропаға қайта сататын болады.  Ресей саясаткерлері, баспасөзі бұған қызғанышпен қарайтын шығар. 

    Рас, Тоқаев соңғы кездері мінез көрсетіп жүр. Ондағы мақсаты – тек қана Қазақстанның мүддесін қорғау. Ресей мен Батыс арасында санкциялық соғыс жүріп жатыр. Қысым жасалуда. Осындай жағдайда Ресей үшін Батысқа терезені кім ашып жатыр? Ол – біз. Ресейден қаншама азамат шетелге қашты. Олар қайда барып пана тапты? Әрине, бізге келді. Ешқандай кедергі жасаған жоқпыз. Жағдайын жасадық. Оларды кіргізбесек, Ресей үлкен проблемаға тап болатын еді. Солтүстік көршімізбен қарым-қатынасымыз жақсы. Қаласақ та, қаламасақ та, біз де, олар да, бір-бірімізден қашып құтыла алмаймыз. Тоқаевқа басты қауіп сырттан емес, іштен болмақ.  Тоқаев сайлаудан кейін барлық өкілеттілікті өзіне алып, кадрлық шешім қабылдауы керек. Былайша айтқанда, қауіпсіздік құрылымдарына жаңа адамдарды әкелуі тиіс. Мұндай қажеттілік бар екенін қаңтар бүлігі көрсетті. Жаппай шеру ұйымдастыру үшін мол ақша керек. Мол ақша кімде бар? Бұрын билікте болған адамдар да бар. Қаңтарда олар реванш алғысы келді. Қазақстанның бүкіл байлығы 162 адамның ғана қолында. Тоқаевқа ең бірінші қауіп-қатер осы олигархтардан»,– деген пікір білдірді.

 

Ермек Сахариев
28.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 15
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 19
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 2
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 8
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 12
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 10
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 16
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 19
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 249
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 244
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 869

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8941
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8333
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11561
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9319
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10545