Тоқаевқа конкурент жоқ!

Тоқаевқа конкурент жоқ!

Оны бәрің де байқап сезіп отырсыздар. Үміткер болып тіркелген кәкүр-шүкірді тілге тиек етудің өзі ұят. Статистер. Назарбаев тұсында клоундар болса, қазір дүкен сөресіне қойылған маникендер. Ал неліктен солай болды? Неліктен 20 миллиондық елде Президентке бір альтернатива табылмады? 

 

1. Әрине, ең алдымен 2016 жылы Назарбаевтың Конституцияға президенттікке үміткердің мемлекеттік қызметте 5 жылдық өтілі болуы тиіс деген норманы енгізіп, елдің 97% хұқықтарын шектегеуін басты себеп деуге болады.  Бірақ шынымызды айтайық, дәл сол 2016 жылы бұл өзгеріске ешкім аса бір керемет қарсылық көрсеткен жоқ. Бірлі-екілі шулағандар болмаса, елдің басым көпшілігі үнсіз мойынсынды. Бәрі тегіс "өз басым президенттікке дәмелі емеспін, сондықтанда маған бұл баптың қатысы жоқ" деген немқұрайлық танытты. Енді келіп лайықты адам ұсына алмай отырмыз деп ренжиміз. Кім кінәлі? Әрине, алдымен заңды белден басқан  билік. Бірақ сол кезде үнсіз қалған электорат кінәлі емес деп айта алады? Газ қымбаттаса көшеге шығамыз, қант қымбаттаса шулаймыз, ал бәріне ортақ хұқық тапталғанда үнсіз қаламыз. Себебі Кеңес дәуірінен қалған әдет бар бізде. Бәріне ортақ меншіктің құны жоқ. Тек жеке меншік қымбат. Жеке басқа қатысты болса ғана күресуге дайынбыз.

 

 Дәл қазіргі уақытта Тоқаевқа да бұл бапқа өзгеріс енгізу тиімді емес. Логикалық тұрғыдан мен оны түсінемін. Кімге, қай заманда, қай билік иесіне конкуренттердің көп болғаны керек болып еді? Сонау Александр Македонскийдан бастап кешегі Назарбаевқа дейін қай басшы бақталастарым көбірек болса деп армандап еді? Неғұрлым аз болса, соғұрлым жақсы. Ешбір билік, ешуақытта . ешбір заманда ие болған позицияларынан өз еркімен шегінген емес. Шегінбейді де. Биліктің табиғаты, философиясы сондай. Оны тек мәжбүрлеуге болады. Ал оны сондай қадамға мәжбүрлейтін кім? Әлбетте, саяси белсенді бұқара, немесе көпшіліктің қолдауына ие болған оппозиция. Осы екеуінің қайсысы бар бізде? Екеуі де жоқ. Кешегі оппозициялық күштер коалициясының сиқын өздеріңіз көрдіңіздер. Популистік мәлімдемелерден әріге бармады. Біресе ортақ кандидат шығарамыз деді, сосын үш төрт кандидат ұсынамыз деп бөсті, аяғында өзара келісімге келе алмай, мүлде қатыспаймыз деп шықты. Ондай ішінара келісімге келе алмайтын "күш" кімді мәжбүрлей алады? Кім олардың талабын елейтін? Билік пе? Түкірді де қол қойды билік олардың шәңкілдегеніне. 

 

Конституциялық хақымды қайтар деп бұқара халық қоя алар еді талапты. Бірақ оның да басын біріктіретін, ортақ мақсатқа жетелейтін күш керек. Ондай күш те жоқ әзірге. Саяси арена осылай Кока-коланың бос қалбыры құсап даңғырлап тұрғанда, билік осылай альтернативсіз болып қала бермек

 

2. Десе де, 5 жылдық өтілі бар адам биліктің өз ішінен де шыға алар еді. Мәселен, кезінде Серікболсын Әбдильдин  болды. Марқұм Алтынбек пен Заманбек те билік ішінен шыққан тұлғалар болатын. Жармахан Тұяқбай да солардың қатарынан еді. Қосанов та оппозициямын деп 25 жыл шулағанымен түпкі шыққан тегі сол билік. Жеме-жемге келгенде тайқып шыққанымен, біразға дейін шапты. Қазір де, жақсы болсын, жаман болсын, мемлекеттік қызметте істеп кеткен Ораз Жандосов, Иманғали Тасмағамбетов, Ғалымжан Жақиянов сияқтылар Тоқаевқа әжептәуір оппонент бола алар еді. Бірақ олар жақтан да үн шықпайды. Неліктен? Ол жағын біз тек болжай аламыз. Сондай болжамдардың бірі - билікпен ымыраға келуі. Пәлендей арам пиғылдағы ымыра болмауы да мүмкін. Дәл қазіргі алмағайып заманда елдің арасына іріткі салмайық деген келісім болуы да ғажап емес. Немесе бұлар да әбден қажыған, амбициялары сарқылған саяси өліктер. Басқа себеп таба алмай отырмын. 

Сонымен кім қалды аренада? Ешкім. Өлі тыныштық. Статисттер ғана.  Және олардың шығуы жасанды болғанымен заңды құбылыс. Солай болуы тиіс еді. Балықсыз көлде шаян да балық.

Мұхтар ТҮМЕНБАЙ ФБ парақшасынан
09.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 37
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 93
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 37
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 36
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 88
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 93
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 289
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 283
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 904

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8982
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8376
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11602
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9360
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10586