Төреғали Төреәлі Жүрсін Ерманның денсаулығы туралы айтты

Төреғали Төреәлі Жүрсін Ерманның денсаулығы туралы айтты

Ақын Жүрсін Ерман ауруханадан шықты. Бұл туралы Төреғали Төреәлі, Марат Ахметов Instagram-дағы парақшаларында жазды.

Кеше Төреғали Төреәлі ақынның шаңырағында түскен суретін желіде жүктеген.

«Әкеміздің бойынан әл кеткен жоқ», – деп жазды ол.

Айтыскер Марат Ахметов те Жүрсін Ерманның жағдайын сұрауға барғандарын атап өтті.

«Бүгін Алматыға келіп Жүрсін көкемізді көзбен көріп, көңілін сұрап қайттық. Ағайдың жағдайы біраз жақсарып қалыпты. Тілеулес болған баршаңызға ризашылығын білдіріп жатыр. Жүрсін Ерман ұстазымыз ауруханадан сауығып шықты. Құдай тағала көптің тілегін қабыл етті деп білемін. Ағайдың шаңырағында бүгін бір керемет қуанышты күн болды. Бақытжамал апамыздың шәйін ішіп, Жүрсін ағайдың батасын алып қайттық. Жүрсін көкеміздің ауруханадан сауығып шыққанын үйінде тойлап отырмыз», – деді ол.

turkystan.kz.
18.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 71
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 79
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 381
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 575

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18282
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18140
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33331
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31883
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35622