Торғай – қазақ рухының отаны еді...

Торғай – қазақ  рухының отаны еді...

Биылғы жыл Алланың сынақтарымен басталғанын білесіздер. Дегенмен бұл «Қаңтар қасіретінен» кейін жүректі тебірентіп, еңсені көтерген жағымды жаңалық болды.

Күні кеше ғана құзырлы мекеменің басшылары депутаттардың алдында шығып, «қасіретті қаңтар» туралы біршама толыққанды мәліметтермен бөлісіп, халықтың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, біраз жаңалықтың шетін шығарғандай болып еді. Ал бүгінгі Президент Жолдауын тыңдап отырып, «Жаңа Қазақстанның» іргетасы қаланып жатқандығын сезінгендей болдық. Президент Жолдауында Парламентке, Мәжіліске ерекше пәрмен бергендігі аңғарылды. «Көппартиялылыққа жол береміз» және мемлекет, облыс басшылары партия өкілі болмауы керек, олар партияға емес, халыққа қызмет көрсетуі керек дегені де елдің көңілінен шығады деп ойлаймын. Ерекше ұнағаны – ауыл әкімдерінің бюджеті болуы керек дегені. Бұл ауылды көркейтудің бірден бір жолы.

Иә, жаңа облыстар бой көтерді. Абай облысының орталығы – Семей қаласы. Алматы облысының орталығы – Қапшағай қаласы (Қонаев қаласы болуы мүмкін), Жетісу облысының орталығы – Талдықорған қаласы, Ұлытау облысының орталығы – Жезқазған қаласы болатын болды. Барлығына құтты болсын айтамын! Облыстарды біріктіру саясаты да өз кезінде өте дұрыс шешім болған еді. Себебі тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізде қазақ ұлтының үлесі тым аз болды. Оған қоса кейбір аймақтарда қазақтарымыз «аз ұлт» саналатын еді. Облыстарды біріктірудің нәтижесінде бұл баланс теңелгенін көрдік. Қазіргі таңда қазақ ұлты шынымен де мемлекетті құрушы халық екенін санымен де, сапасымен де толық дәлелдеп бере алатын жағдайға жетті.

Өкінішті жері ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында қасиетті Торғай өңірі баяғыдай жеке облыс болып құрылса нұр үстіне нұр болар еді. Себебі Торғай жері рухтар отаны еді. Ол қазақтың қаймағы бұзылмаған қасиетті даласы, тектілігін жоғалтпаған сарқыты еді. Сол қасиетті даламыз қазіргі күнде Ресейдің полигонына айналды. Торғайдың даласында мұнай мен көмірдің үлкен қоры жатыр. Келімсектер біртіндеп орныға берсе, осы ен байлықты келешекте кім игереді?.. Бұл үлкен сұрақ. Облыс жабылғаннан кейін бұл аймақтың халқы азайып кетті. Қазіргі Торғай тоқыраған, қалжыраған күйде тұр. «Алаштың табаны – Торғай, өзегі – Семей, жұлыны – Жымпиты» деуші еді. Марқұм Әнес Сарай: «Күндердің бір күні Торғай жеке облыс мәртебесін қайта алуы тиіс! Біртіндеп бұл арманымыз да орындалатын күн туар» деген еді.

Ертең ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын жариялайдыЖалпы кезекті Жолдаудың саяси салмағы басым болғандай. Мемлекет басшысының: «Бізге ешкім сырттан келіп, ештеңе жасап бермейтіні анық, бәрі өз қолымызда. Сондықтан баршаңызды Жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей жұмылуға шақырамын. Халықтың қолдауымен мақсатымызға жетеміз деп сенемін» дегені әр азаматтың ұлт дамуы жолына тамшыдай үлес қосуға шақырып отыр. Себебі Жолдауда ұлттық идеология жоқ!.. Парламент  мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса  айтқандай жастарымызда тіл жоқ, жұмыс жоқ, баспана жоқ, пұл жоқ – дым жоқ!.. Экономикалық жағдай қатерлі сындарға дөп келіп тұрған мына шақта ел ішінде қымбатшылық жайлап, халықтың әлеуметтік жағдайы нашарлап бара жатқанын көріп отырмыз. Теңге тұрақсызданып, елдің ертеңге деген сеніміне селкеу түсіп тұр. Алайда Жолдауда әлеуметтік, экономикалық сала туралы мардымды бағыт көрсетілген жоқ. Әлде бұл жағын Үкіметтің еншісіне қалдырғысы келе ме екен?

Кезекті Жолдау халықтың үнімен үндескен жолдау болды дер едім. Ең бастысы сең қозғалды. Әсіресе елдің көп түйткілді түйіндері шешіліп келеді. Тарихымен байланысқан атауларды үш облысқа беруі халықтың қолдауына ұласып отыр. Жаңа облыстар, жаңа атаулар барлығы да құтты болғай!

Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
17.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 196
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 190
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 699
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 822
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 735

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8890
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8285
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11513
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9269
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10497