Төтенше жағдай штабының қорытынды жиналысы өтті

Төтенше жағдай штабының қорытынды жиналысы өтті
Бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің төрағалығымен төтенше жағдай бойынша штабтың қорытынды отырысы өтті. Себебі, 2023 жыл басталғалы қаңтар айының 3-і мен ақпан айының басында, табиғат тосын мінез танытып, ауданда қатты боран, дауыл, сел алу қауіптері орын алды. Осының салдарынан аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұсынысы бойынша Сарысу ауданы әкімінің 2023 жылғы 3 қаңтардағы №1 шешімімен аудан аумағында жергілікті ауқымды табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған. Аудан әкімінің өкімімен табиғи сипатта орын алған төтенше жағдайға байланысты штаб құрамы бекітіліп, салдарын жою бойынша жұмыстар атқарылды. Бүгін атқарылған жұмыстар бойынша жауапты орынбасарлар баяндама жасады. Мәселен, Жаңатас қаласының орталық қазандығы 3 қаңтар күні жылу беруін тоқтатып, 1,5 тәулікте қайта іске қосылды. Аталған жұмыстармен 12 бригада (60 адам) жұмыс жасады. 25 елді мекеннің барлығында жарық сөніп, қалпына келтіру жұмыстарымен 21 бригада (146 адам), 35 техника айналысты. Төтенше жағдай салдарынан аудан бойынша үлкенді-кішілі 1067 нысан зақымдалса, қазіргі таңда барлық нысан қалпына келтірілді. Полиция тарапынан 80 қызметкері мен 23 техника жұмылдырылып, 17 автокөлік, 61 адам құтқарылды. Барлық бағытта жабылған жолдар ашылып, көлік қатынастары реттелді. Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 52 адам, 9 техника тартылып, 51 адам мен 16 техника қар құрсауынан шығарылды. Ауданда 14 жедел жәрдем көлігі (облыстан 11), 3 жылжымалы медициналық кешен (облыстан 2) қызмет көрсетті. Облыстан 12 фельдшер, 8 дәрігер жолданылды. Дауылдан жарақат алғандар болған жоқ.Тазалық жұмыстарына 156 адам, 20 техника тартылып, 68 шқ. жолдар қардан тазаланды. 692 сынған тал-дарақтар толығымен тазаланып (қажетті азаматтарға үлестірілді), 205 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, ауданда сел басу қаупінің алдын алу бойынша жұмыстар атқарылды. Мысалы, таулы аймақтағы 3 елді мекенде (Ә.Бүркітбаев, Үшбас, Арыстанды) 300 тонна шамасында қар шығарылып, Жаңатас қаласы мен 9 ауылда (Ә.Бүркітбаев, Үшбас, Арыстанды, Ақтоғай, Жаңаарық, Саудакент, Жайылма, Маятас, Қызылдихан) 35 шақырымдай өзен арналары мен каналдарды және 126 көше арықтарын ашу жұмыстары жүргізіліп, 27 көпірдің астындағы мұзы ойылып, су тасқынының алдын алу шаралары жасалды. 157 көше мен 56 әлеуметтік нысанның ауласына 1000 тоннаға жуық инертті материал төселді. 50 шақырымнан астам автокөлік және жаяу жүргіншілер жолдары тазартылды. 97 көпқабатты үйдің шатырларындағы қар мен мұзы алынды. Қауіпті аймақтардағы қатқан мұзды ерітуге 200 тоннадан астам тұз себілді. Жаңатас қаласы мен 24 ауылда сел қаупін алдын алуға жергілікті атқарушы органдар мен кәсіпорындардан 120 адам жұмылдырылды («Жаңатас Су-Жылу» кәсіпорны, «Орман шаруашылығы» мекемесі, «Қазфосфат» ЖШС, «ЕвроХим» ЖШС, «ВЭС» ЖШС, «Асылтұз» ЖШС және жергілікті кәсіпкерлер). Ақпан айының алғашқы күндері ауа райы күрт жылып, селдің алдын алу бойынша бақылау жұмыстары күшейтілді. 2023 жылғы 2 ақпан күні таулы аймақтардағы қар еріп, «Бүркітті» өзенінің арнасындағы су деңгейі бір сәтте 2,0-2,5 метрге көтеріліп, ойпаттау жерде орналасқан 3 үйдің ауласы мен бақшасына өзен арнасынан көтерілген су жайылды. Жедел әрекет ету шаралары аясында әкімдік пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан оқиға орнына 5 техника, 4 мотопомпа, 700 қап, 66 адам жұмылдырылды (әкімдік: 2 техника, 1 мотопомпа, 700 қап, 40 адам. ТЖ: 3 техника, 3 мотопомпа, 26 адам). 7 ауыр техниканың көмегімен құм, топырақ төгу арқылы 3 шақырым жағалауға 700 қаппен нығайту жұмыстары жүргізіліп, 3 үйдің ауласына жайылған су сорылып, шығарылды. Сонымен қатар, 3 ақпан күні Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті тарапынан қосымша 21 қызметкер, 5 техника, 5 мотопомпа жеткізілді. Сондай-ақ, Түркістан, Жайылма, Байқадам ауылдық округтерінде де жүргізілген алдын алу жұмыстарының нәтижесінде сел басу қаупі сейілді. Жалпы аудан бойынша селдің алдын алу жұмыстарына барлығы 167 адам, 23 техника, 11 мотопомпа жұмылдырылды (әкімдік: 120 адам, 15 техника, 3 мотопомпа. ТЖД: 47 адам, 8 техника, 8 мотопомпа). Зардап шеккендер мен мал шығындары тіркелген жоқ. Ауданда 2023 жылдың 10 ақпаны жел күшейіп, дауылдың әсерінен Жаңатас қаласы мен 24 елді мекен жарықсыз қалып, аудандық РЭС-те 12 бригада, жалпы саны 58 адам жұмысқа тартылып, қалпына келтірілді . Аудан бойынша 342 нысанның зақымдалғаны анықталып, жергілікті әкімдіктердің, демеушілердің күшімен қалпына келтірілді. Аудан әкімі Марат Қырғызәліұлы төтенше жағдай кезінде қызмет атқарған барлық азаматқа алғыс айтып, ел тыныштығы жолындағы еңбектеріне сәттілік тіледі.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
26.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 99
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 109
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 201
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 201
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 340
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 341
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 567
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 515

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9217
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8613
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11839
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9609
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10822