Трансформаторлық станса салынбақ

Трансформаторлық станса салынбақ

Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бас маманы Мұхтар Сағандықов: «2020-2021 жылдары қалада 50 кешенді трансформаторлық станса орнатылып, 0,4 кВ кернеудегі әуе электр желілері тартылған. Жаңа трансформаторлық стансалар Балықшы, Құрсай, Мирас, Бірлік, Мұнайшы, Химпоселок ықшамаудандары мен Ақсай ауылына орнатылған. 

Сондай-ақ былтырғы жазда Атырау-2 шағынауданында да тозығы жеткен кешенді трансформаторлық стансалар ауыстырылған. Бұл жұмыстарды жалғастыру мақсатында 40 кешенді трансформаторлық станса сатып алынды. Оның 30 данасы орнатылады. Ал 10 станса резервке қойылады. Тұрғындардан жергілікті атқарушы органға түскен арызына байланысты «Атырау Жарық» АҚ-ның мамандарымен бірлескен зерттеу жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесіне орай жаңа стансалар орнатылатын 30 нүкте бекітілді. Жаңа стансаларды Самал, Мирас, Химпоселок, Водников, Жұмыскер, Лесхоз, Атырау, Көкарна шағын аудандары мен Ақсай, Еркинқала-1, Еркінқала-2 ауылдарына орнату жоспарланып отыр. Қазір Атырау қаласында 420 трансформатор орнатылған. Ал жаңа трансформаторларды орнату мердігер анықталып, қажетті бөлшектер жеткізілгеннен кейін басталады», –  деп хабарлады.

Еске салсақ, Атырауда инфрақұрылым желілерімен қамтуға 3,1 млрд теңге бөлінген-ді.

Ермек Сахариев
10.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 349
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 338
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 198
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 494

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18251
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18111
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33301
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31852
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35568