Т.Рысқұлов ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Т.Рысқұлов ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тұрақты қолдауының арқасында елімізде бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында қыруар жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде жыл өткен сайын өңір-өңірлерде заманауи спорт нысандары ел игілігіне берілуде. 

Мәселен, жуырда «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында Т.Рысқұлов ауданындағы Ақыртөбе елді мекенінде жобалық құны 293 млн. теңгені құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Спорт ғимаратының салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Ернар Есіркепов қатысып, осынау бағдарлама шеңберінде 2027 жылға дейін тағы 8 спорт кешені бой көтеретінін атап өтті. Жалпы, бұл нысан ауданда соңғы бір жылда пайдалануға берілген екінші әлеуметтік ғимарат.

Ауданда өткен жылы жасөспірімдер арасындағы спорттық жарыстарда аудан жастары 32 рет үздік деп танылса,  28 саңлақ «Спортшы шебері» атағына қол жеткізген.

Айта кетейік, Жамбыл облысында өткен жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында  9 спорт нысанының құрылысы жүріп, пайдалануға берілді. Ал, ағымдағы жылы өңірде 13 спорт нысаны пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 

Aqjol Aqparat
22.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 246
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 55

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805