Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ АҚСАҚАЛДАРЫ СЫНДАРЛЫ ТҰСТА ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІМЕН БІРГЕ БОЛУҒА ШАҚЫРУДА

Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ АҚСАҚАЛДАРЫ СЫНДАРЛЫ ТҰСТА ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІМЕН БІРГЕ БОЛУҒА ШАҚЫРУДА

Еліміз үлкен саяси дағдарыстан өтті. Мемлекет басшысы оған аса ден қойып, дер кезінде шешімдер қабылдады. Елдегі жағдайларға байланысты Конституцияның кепілі - Президентіміз нақты тапсырмалар жүктеп, халқымызға маңызды үндеу жасады.

Қазақ халқы қашанда үлкенін құрметтеген, кішісін ізеттеген. Құрметтеген қарияларымыздың қадір-қасиетін түсініп, қадір тұтқанының дәлелі ретінде Т.Рысқұлов ауданының ақсақалдары елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ауданға қарасты 15 ауылдық округте өткен кездесулерде ақсақалдар тыныштықты, татулықты, бірлікті сақтауға шақырып, қоғам тұтастығы – Тәуелсіздік кепілі екенін айтуда.

Cондай кездесулердің бірі бүгін Луговой ауылында өтті. Кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов, ардагерлер ұйымы жанындағы Әкелер кеңесінің төрағасы Қазыбеков Мелдебек және ауыл әкімі Мұратбек Сванов қатысты.

Бүгін Жамбыл облысының қызыл аймаққа өтуіне байланысты кездесу санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өтті. Кездесуге 50-ге жуық ауыл тұрғындары жиналды.

Жиынға қатысушылар өз ойларын ашық айтып, Президенттің ел тыныштығы жолында атқарып жатқан әр ісіне сенім білдіретінін, әр ауылдың абыз ақсақалдары қашанда ел тыныштығының тұрақталуын қалап, өрімдей жастарды сабырлыққа шақыру керек екенін, еліміздің тұрақтылығы мен бірлігі өз қолымызда екенін жеткізді.

Кездесуде ауыл тұрғындарының ұсыныс-тілектері тыңдалып, бірқатар сауалдарына жауап берілді.

 

Мөлдір Тастанбек Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
17.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 29
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 153
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 190
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 186
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 153
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 299
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 297
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 517
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 470

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9171
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8569
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11797
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9565
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10777