Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин департамент туын облыстың бас құтқарушысы Нұрлан Атығаев және ҚР ТЖМ азаматтық қорғау Академиясына жауынгерлік ту табыстап, құттықтады. Министр құттықтау сөзінде: – Ту – міндет, абырой, ерліктің ресми нышаны. Ту тапсыру рәсімі – бүкіл гарнизон үшін тарихи оқиға, ұрпақтардың байланысын, тарихи жады мен сабақтастықты символикалық түрде бейнелейді, – деп атап, жергілікті атқарушы органдар тарапынан материалдық-техникалық базаны жетілдіру мен жаңарту, ТЖД ғимаратын жөндеуге қолдау көрсеткені үшін облыс әкімі Ермек Боранбайұлына алғыс айтты. Салтанатты шарада әкім Е. Маржықпаев өрт сөндіруші-құтқарушыларға сегіз жеңіл көлік пен екі катердің кілтін табыс етті, – деп хабарлайды Ақмола облысытық ТЖД баспасөз қызметі
Өткен жылы жергілікті бюджеттен техникалық жабдықтауға, ғимараттарды жөндеуге 870 млн теңге бөлініп игеріліпті. Құтқарушылар қызметіне биылда 301 млн теңгеден астам қаржы бөлініпті. Шара соңында өрт сөндіруші-құтқарушылар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдары және Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.