Тәуелсіздік – тұғырың, биік асқағың!
Құрсауынан құтылған тас қамалдың.
Тоқсанда ұрандатып жар салғанда,
Қазақтың қанша көзін жасқа малдың.
Кенесары хан бастап «Ұран» салды
. Бірігіп ту астында қазақ жаны,
Бұйырмаған топырақ өз елінен.
Бабамның алтын басы қайда қалды?
Ту көтеріп, биікке Алаш жұрты!
Хақ Алланы таныған иманы мықты.
Әлихан, Ахмет, Мағжан, Сәкендердей,
Бөрілері ұлтымның ажал құшты.
Желтоқсанда жасқанбай Қайраттарың,
Ләззаттар көрсетіп ед айбаттарын.
Итпен талап, оқ жаудырып аямай,
Қазақтың өлтірді ғой қаймақтарын.
Ештеңе де ұмытылмас ел жадынан,
Еркіндігің – баға жетпес мол қазынаң.
Тәуелсіздік, тұғырың биік болғай,
Боздақтардың өз қанымен жазылған!