ТҮКШ: Жаңа кезең басталды

   ТҮКШ: Жаңа кезең басталды

     Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТҮКШ) – халықтың тұрмыс сапасын қамтамасыз ететін маңызды салалардың бірі. Бұл сала тұрғын үйлерді, қоғамдық ғимараттарды, инфрақұрылымды тиімді пайдалануды, коммуналдық қызмет көрсетуді, сондай-ақ инженерлік желілер мен құрылғылардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.

       Қазақстанда ТҮКШ саласының дамуы елдегі урбанизация мен халық санының өсуімен тікелей байланысты. Қазіргі таңда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен тиімділігін арттыру мәселесі күн тәртібінде тұр. Себебі тұрғындардың өмір сүру деңгейі мен әлеуметтік ахуалы тікелей осы саланың сапасына тәуелді.

      2020 жылы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік әл-ауқаттың тұрғын үй мәселесімен тікелей байланысты екенін және болашақта тұрғын үй құрылысы Үкімет жұмысындағы басымдықты бағыт болуы тиіс екенін атап айтты. Осы бағыт бойынша мемлекет тарапынан ТҮКШ жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар бағдарламалар қолға алынған. Атап айтқанда, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында тұрғын үйлерді жаңғырту, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қайта жаңарту, көпқабатты үйлердің шатыры мен жертөлесін жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жоба халықтың тұрмыс жағдайын жақсартумен қатар, елді мекендердің экологиялық тазалығын сақтау, энергия тиімділігін арттыру сияқты мәселелерді де шешуге бағытталған.    

        Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТҮКШ) саласын дамыту және жаңғырту бағытында мемлекет ауқымды шараларды жүзеге асыруда. 2024 жылы құрылыс және ТҮКШ салаларын дамытуға 480 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Оның ішінде қалалардағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға 100 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына шамамен 93 млрд теңге, ал жылумен қамту жүйелеріне 67 млрд теңге жұмсалды.

            2024 жылы жалпы құны 1,3 трлн теңгеге жуық 180 инвестициялық жоба іске қосылды, оның 164-і өңдеу секторына тиесілі. Бұл жобалар өңдеу өнеркәсібінің үлесін арттыруға және экономиканың әртараптандырылуына ықпал етті.

            Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында өнеркәсіптік әлеуетті толық ашу шараларын күшейтуді тапсырды. Осыған байланысты терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген 17 ірі жоба іске асырылды.

        Сонымен қатар, 2023 жылы «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-да жалпы қуаты 57 МВт газ турбиналық қондырғы орнатылды. Нысанның құны 20,9 млрд теңгені құрады. Бұл қондырғыны іске қосу станция қуатын 118 МВт-тан 175 МВт-қа дейін арттырып, жабдықтардың тозуын 41,5%-дан 37%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. 2025 жылға дейін Қазақстанда көлік құралдарын шығару, тұрмыстық техника өндірісі және металлургия салаларында маңызды инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ. Бұл жобалар ішкі нарық қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға да бағытталған.

          Бұл шаралар Қазақстанның ТҮКШ саласын жаңғыртуға, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етуде.

 

Саяжан ҚАЙДАР
20.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 244
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 54

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805