Түлектер жаңа өмірге қанат қақты

Түлектер жаңа өмірге қанат қақты

Орал қаласындағы мектептер тағы бір оқу жылын табысты аяқтады. Биылғы 25 мамырда оралдық 2103 түлек үшін қоңырау үні соңғы мәрте соғылды. 

Орал қалалық білім бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2103 мектеп бітірушінің 80-і – «Алтын белгіге», ал 63-і «Үздік аттестатқа» үміткер. Облыс орталығындағы №33 жалпы орта білім беретін мектепте өткен «Соңғы қоңырау» салтанатты жиынына қатысқан Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов пен қалалық білім бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова биылғы мектеп түлектеріне ақ жол тіледі.

– Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі, бұл – мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға. Түлектер он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады. Оқушыларды білім нәрімен сусындатып, оқу үрдісін нәтижелі ұйымдастырған ұстаздарға, балаларға тіреу болып, қолдау білдірген ата-аналарға алғысымды білдіремін. Мемлекет қолдауының нәтижесінде сіздердің сапалы білім алып, шығармашылық қабілеттеріңізді дамыту үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Шаһарымызда жыл сайын жаңа мектептер мен қосымша білім беру орталықтары ашылуда. Ең бастысы, егемен еліміздің ертеңі – сіздер алаңсыз білім алып, арман-мұраттарыңызға жетіңіздер. Талмай талаптанып, білім шыңының биігінен көрініңіздер, – деді Миржан Мұнайдарұлы.

№33 ЖОББ мектепті биыл 16 оқушы тамамдауда. Олардың төртеуі «Алтын белгіге» үміткер болса, 12 оқушы – «Елбасы медалінің» иегерлері. Салтанатты рәсімде  түлектер мектеп өмірінен сыр шертетін әдеби-сазды көріністерін ұсынды. Іздерін басқан жас буынды табанды болуға, еңбекқорлыққа шақырды, терең білім алып, арманға ұмтылуға үндеді. Сондай-ақ, салтанатты шараға аталмыш білім ордасын осыдан 20 жыл бұрын бітірген мектеп түлектері келіп, алтын ұяларына 1 миллион теңгенің сертификатын табыс етті. 

Салтанатты іс-шарада ежелгі дәстүр бойынша күміс қоңырауды «Алтын белгі» үміткері Айбар Сисенов мен «Елбасы медалі» төсбелгісінің иегері Аружан Ибраева бастап, 11 сынып оқушылары  сыңғырлата соқты. Салтанатты жиын мектеп вальсімен жалғасты. Түлектер асыл армандарының алысқа самғауларын тілеп, бейбітшілік символы – ақ көгершіндерді  аспанға  ұшырды.

Бұл күні қаладағы мектептерде өткен салтанатты  жиындарға облыс және қала әкімдерінің орынбасарлары, басқарма және бөлім басшылары арнайы қатысып, шәкірттерді оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтады. 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
02.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 93
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 613
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 731
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 643
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 652

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8787
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8187
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11415
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9169
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10400