Тұлға ету үшін неге ақша төленеді?

Тұлға ету үшін неге ақша төленеді?

Мен Халифа Алтай ағамыздың көзі тірісінде араластым. Қазір де ол кісінің балаларымен қатынасымыз үзілген жоқ. «Елім, жерім, атажұртым» деп туған жеріне сағынышпен оралған Халифа Алтай ағамыздың халқына, ислам дініне сіңірген еңбектерін жақсы білеміз. Абзал ағамыз тоқсаныншы жылдардағы қиын кезеңде халқын иман жолына бұруда тек сөзбен ғана емес, қыруар іс атқарды. Тегін Құран кітаптар таратты, аудармалар жасады. Сол ағамыздың есімін «ОрDa kz» баспа үйі «Қазақстанның 100 үздік тұлғалары» кітабына кіргізіпті. Рақмет, бұл орынды нәрсе. Бірақ ол кісінің есімін кіргізу үшін қомақты ақша төлеу керек екен. Балалары ол ақшаны төледі. Ендігі мәселе сол баспа үйі Халифа ағаның балаларын сол кітаптың тұсаукесеріне (Қызылордаға) шақырыпты. Барушылар өз қаржысымен барады. Менің бұған ренішім бар. Біріншіден, бүкіл түркі жұртына танымал, халқына миллиондаған имани кітаптарды тегін таратқан бұл кісінің есімін аталған кітапқа кіргізу үшін неге ақша төлеттірді? Бұл дұрыс емес. Екіншіден, осыншама қомақты қаржы төленген соң бару, келу қаржысын баспа өз мойнына алу керек еді.

Жалпы осындай кітаптар көбейіп кетті. Ақша төлеу керек! Медальдар деген қаптады. Оған да төлемесе болмайды. Меніңше, мұны адамдар бизнеске айналдырып алған сияқты. Мұны жоғарыдағылар біле ме? Ол лауазымды орындар мұндайға рұқсат берді ме екен? 

РАИСА ҚАЛДЫБАЙҚЫЗЫ
09.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1020
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7066
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10916
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7134
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7277