Тұңғыш «Фотожурналист анықтамалығы»

Тұңғыш «Фотожурналист анықтамалығы»

ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің ұйымдастыруымен «Дарын» баспасы және «Адырна» ұлттық порталының қолдауы негізінде университеттің аға оқытушылары Асылхан Әбдірайымұлы мен Досжан Балабекұлының «Фотография өнері: таңдамалы мақалалар жинағы», «Фотожурналист анықтамалығы» оқу анықтамалық сөздігінің тұсаукесері өтті. Қос жаңа еңбектің тұсаукесер рәсіміне елімізге белгілі ғалымдар, фотоөнер мамандары, ардагер фототілшілер, қоғам қайраткерлері, студент, магистранттар қатысты.

Алғашқыда кітапты талқылай отырып, фотоөнерінен шеберлік сабағы өткізілді. Кітаптардың тұсаукесер рәсімін журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы құттықтау сөзімен ашып, әрі қарай факультет доценті Сағатбек Медеубекұлы жүргізіп отырды. Фотоөнер туралы оқу құралдары саусақпен санаулы ғана, бұған дейін болған да емес. Осы тақырыпта белсенді еңбектеніп жүрген Асылхан Әбдірайымұлын айта кетуге болады.Қазақ тілінде 1962 жылы бір кітап шыққан, оның өзі қолға тимейтін, 1988 жылға дейін орыс тілінде шыққан кітаптар мен журналдарды пайдалануға тура келді. Кейбір оқырмандар фотожурналистер мен фотографты ажырата білмейді. Фотожурналист суретке түсіреді, сол суретті ашып, жазады. Газет пен журнал беттеріндегі суреттер мақаланы ашып тұрады. Техниканың дамыған кезінде фотосуреттерді телефонмен де түсіруге болады. Бірақ фотоаппаратпен түсірген сурет сапалы болады. Фотоөнер туралы кітаптар аз. Асылханның соңғы 10 жылда 5 фотоальбомы, 5 оқу құралы шықты. Шәкірті Досжан көмекшісі болып жүр. Бір ғана Досжан емес, республиканың түпкір-түпкірінде Асылханның шәкірттері көп. Кітап деген – мәңгілік мұра. Асылхан осы университетке ұстаз болып кірмес бұрын «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігін құрды. Бүгінде бұл бірлестік республикалық, халықаралық көрмелерге, ғылыми-танымдық конференцияларға қатысып, экспедициялар өткізді. Досжан факультетіміздің түлегі. Досжан өзі альпинист, табиғатты, тарихты түсірген суреттеріне қарап, таң қаласың. Биыл ол Қазақстан Журналистер Одағының фотожурналистеріне арнап бөлінетін Рахымбай Ханалы атындағы жүлдемен марапатталды. Шара аясында ғұмырының 50 жылын фотожурналистикаға арнаған ардагер фотожурналист Қалиғұмар Қабдешевке Қазақстан фотожурналистикасына сіңірген еңбегі үшін «Фотоөнер қайраткері» медалі, сонымен қатар, ҚХР-дан келген «Алтай қазақ этнография қоғамының» төрағасы Серік Мұқышұлына Қазақстан фотоөнеріне сіңірген еңбегі үшін «Фотоөнер қайраткері» медалі табысталып, марапатталды. Жиынның соңында факультет профессоры Кәкен Қамзин оқулық авторларына ізгі тілегін білдіріп, батасын берді. 

Африза АЙТБАЕВА
07.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ АЩЫСАЙ АУЫЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 26
БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ
Мақсат Қазанғапов Талас аудандық білім бөлімінің басшысы - 23.04.2024 13
ОТЫРАРДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА ИГІ ІСТЕР АТҚАРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.04.2024 21

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 967
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7019
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10863
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7085
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7226