Тұрғын үйлерге жылу берілді

Тұрғын үйлерге жылу берілді

Алматыда 39 шақырым жылу желісі  жаңғыртылды. Қалада жылыту маусымы қалыпты жағдайда өтіп жатыр. Әлеуметтік нысандарға 8 қазанда, тұрғын үйлерге жылу 10 қазаннан бастап  берілетін болды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде  Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Нұрбақыт Серікбай осылай деп мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, Алматыда биылғы күзгі және қысқы кезеңге даярлық барысында инженерлік желілерді жаңарту басты назарда болды. Биыл 39 шақырым жылу желісі қайта жаңғыртылды. Бұл желілердің тозу деңгейін 1,8%-ға төмендетуге мүмкіндік берген.

«Жыл сайын жылу желілерінің тозу деңгейін 1,8-2%-ға төмендетуді жоспарлап отырмыз», – деді Нұрбақыт Серікбай.

Қазіргі уақытта қаланың барлық апаттық қызметтері күшейтілген жұмыс режимінде істеп жатыр. 100-ден астам апаттық бригада мен 400-ге жуық маман жұмылдырылған. Мазут пен көмір қоры да жеткілікті. Спикердің айтуынша, тұрғындардың әлі де жылу желілеріне берешегі бар. Аралық кезеңде бұл мәселе жеке сот орындаушылары арқылы шешіліп жатыр. Ол жылу ақысын уақытылы төлеу инженерлік желілерді жаңартып, инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Алматыда жылыту маусымы қала әкімінің қаулысына сәйкес 8 қазанда басталды. Бірінші кезекте балабақша, мектеп пен медициналық мекемелер сияқты әлеуметтік нысандарға жылу берілді.

 

Г.ТҰРСЫНҚОЖА, Алматы қаласы
16.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 109
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 113

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18780
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18643
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33813
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32356
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36160