Тұрғындар тілегі тұрақты назарда

Тұрғындар тілегі тұрақты назарда
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков №2 аумақтық округ тұрғындарымен кездесті. Шаһар басшысына бұл аумақтық округтің проблемалары жақсы таныс. Өйткені, ол бұған дейін аталмыш округ тұрғындармен бірнеше рет жүздескен болатын.
Басқосуда тұрғындар жолдың нашарлығы, көшелерді түнгі жарық шамдармен қамтамасыз ету, қаңғыбас иттерді аулау, қоғамдық көліктердің аздығы, күрделі жөндеуді қажет ететін мектеп сынды әлеуметтік мәселелерді көтерді.
Әрбір қойылған сұрақ бойынша шаһар басшысы Б. Орынбеков жеке-жеке тоқталып, нақты жауаптар қайырды.
Жиында қала әкімі алдағы үш жылға арналған кешенді Даму бағдарламасы әзірленгенін атап өтті. Осы Даму картасында шаһардағы 120 көше мен бұрылысты асфальттау жоспарланыпты.
Қазіргі уақытта осы округтің автожолдарын салуға және жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, конкурстық рәсімдер өтуде. Мердігер анықталғаннан кейін жұмыс басталады. Бірақ бірінші кезекте әлеуметтік маңыз бар, яғни денсаулық сақтау, білім беру, қоғамдық көлік жүретін жолдар назарға алынады.
Кездесуде көп көтерілген сұрақтың бірі – қоғамдық көлік мәселесі. Тұрғындардың айтуынша, аталмыш аумаққа қызмет көрсететін қоғамдық көліктер ешқашан уақытылы жүрмейді және қызмет көрсету сапасы өте нашар.
– Бұл мәселені жақсы білемін. Аталған жағдайлар бұл округке ғана емес, жалпы қалаға тән проблема. Біз мәселені шешу үшін тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз.
Таразда 34 бағыт бойынша күн сайын 350 автобус жүреді. Бірақ белгілі болғандай, бұл қалаға жеткіліксіз. Қосымша көлік құралдары қажет, кем дегенде 200 бірлік. Ал бір автобус орташа есеппен 45 миллион теңге тұратынын ескерсек, 200 автобусқа тоғыз миллиард теңгеге жуық қомақты сома қажет болады. Дегенмен, біз тасымалдаушылардан жыл сайын өз паркін 70 бірлікке жаңартуды талап етеміз. Жақын күндері Таразға алғашқы 20 жаңа автобус келеді. Олар негізінен осы округқе қатынайтын бағыттарды толықтырады, – деді Бақытжан Орынбеков өз кезегінде.
Әкім сондай-ақ округ аумағында ағымдағы жылы бірқатар білім беру және денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүзеге асырылатынын, №44 орта мектепке күрделі жөндеу жүргізілетінін, көшелерді жарықтандыру, электр желілерінің бағаналарын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілетінін де баса айтты.
Жалпы, бұл аумақтық округтің болашағы өте зор. Округ инспекторы Бағлан Әбілдаева келтірген мәлімет бойынша, ағымдағы жылы 15 шағын ауданда екі мектеп, балабақша салынса, 2025 жылға дейін Оқушылар сарайының құрылысы аяқталады. Ағымдағы жылы Ы. Сүлейменов көшесінің соңында 16 көппәтерлі үй бой көтерсе, келесі жылы 15 шағын ауданда емхана ашылады деп күтілуде. Сондай-ақ, аумақтың инфрақұрылымын дамыту бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылады.
24.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 99
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 109
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 201
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 201
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 340
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 341
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 567
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 515

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9217
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8613
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11839
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9609
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10822