Тұрғындардың өтініш-тілегіне уақытылы жауап қайтарылуы керек

Тұрғындардың өтініш-тілегіне уақытылы жауап қайтарылуы керек
Тұрғындардың өтініш-тілегіне уақытылы жауап қайтарылуы керек
🔰Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында бөлімдердің орындаушылық тәртібі мен округ инспекторларының жұмысы зерделеніп, қызметіне салғырт қарағандар ескерту алды.
🔷Сондай-ақ бюджет қаржысының игерілуі мен мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу барысы да талқыланып, алда тұрған міндеттер айқындалды.
Ең әуелі қала әкімі аппаратының басшысы Айбек Тасеменов баяндама жасап, бөлімдердің жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын мерзімінде қарау тәртібіне жан-жақты тоқталды.
– Ағымдағы жылдың төрт айында қала әкімдігіне 8 250 жолданым түскен. Оның ішінде арыздар 7 280 болса, шағымдар 160 және басқа жолданымдар – 810. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға кемігенін көрсетіп тұр. Қаралған жолданымдардың 1 986-ы қанағаттандырылса, қанағаттандырудан бас тартылған жолданымдар саны – 549. Түсініктеме берілгендері 1916 болса, қараудан қысқартылғаны – 159.
2 926 жолданым тиісті мекемелерге өз құзыреті шегінде қарастыру үшін жолданған. 714 жолданым орындалу үстінде.
Талдау барысында қала әкімдігінің бірқатар бөлімдерінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарының бұзылуына жол берілген. Бұл өз кезегінде жолданымдарды қарау мерзімі мен арыз иелері құқықтарының бұзылуына әкеп соққан.
Әкімшілік рәсімдік процестік кодекстің 63-бабының талаптарына сәйкес, жолданымды қабылдаған кезде жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты толық жазылуы, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы болуы тиіс. Осы кодекстің талаптары тұрғын үй қатынастары бөлімінде сақталмай отыр. Атап айтсақ, «E-өтініш» ақпараттық жүйесінде құжаттарды тіркеу бөлігіне жолданым иесінің аты-жөні толық жазылмай, жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілмеген. Тиісті кестелері толтырылмаған. Сонымен қатар «E-өтініш» ақпараттық жүйесіне 446 жолданымның түпнұсқасы салынбаған, – деген аппарат басшысы өзге бөлімдердің де жіберген олқылықтарын айтып шықты.
🔷Өз кезегінде қала әкімі Бақытжан Әмірбекұлы кемшілік жіберген бөлім басшыларынан жеке-жеке жауап алып, жолданымдарды уақытылы қабылдап, оның орындалу маңыздылығын баса айтты. Сондай-ақ жеке сұрақпен келген қала тұрғындарының өтініш-тілектері ескерусіз қалмауы қажеттігін қатаң ескертті.
Бұдан кейін сөз алған қала әкімінің кеңесшісі Дәулет Төленді округтердегі тазалық жұмыстарын баян етті. Кеңесшінің сөзіне сүйенсек, бірқатар округ инспекторлары алдыңғы аппараттық кеңесте айтылған сын-ескертпелерден сабақ шығарса, екіншілері жұмысына тиісті деңгейде көңіл бөлмеген.
Аппараттық кеңесте бюджет қаржысының игерілуі мен мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу барысында қателікке жол берген басшылардың да мәселесі жіті қаралып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.
Тараз қаласының әкімдігі
24.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 149
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 185
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 182
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 149
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 296
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 294
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 510
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 467

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9167
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8565
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11793
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9561
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10773