ТҮРІК халқына БАУЫРЛАС ЕЛДЕРДІҢ КӨМЕГІ

ТҮРІК халқына БАУЫРЛАС ЕЛДЕРДІҢ КӨМЕГІ

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров 7 ақпан күні Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, тұтас қырғыз елі және өз атынан апаттан қаза болғандар үшін Түркия халқына және оның басшысына арнайы көңіл айтты. «Қаза тапқандардың туыс-туғандары мен жақындарына сабырлылық тілеймін! Жаралылар тезірек сауығып кетсін!» – деген қырғыз Президенті қосымша әртүрлі гуманитарлық көмектер көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Состоялся телефонный разговор Президента Садыра Жапарова с Президентом  Турции Реджепом Тайипом Эрдоганом - Министерство иностранных дел Кыргызской  Республики

Президенттің арнайы тапсырмасымен 6 ақпан күні Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары, медицина қызметкерлері, психологтар мен кинологтардан құралған 60-тан астам адам Түркияға жетіп, шұғыл көмекке кірісіп кеткендігі айтылған еді. Сонымен қатар бауырлас түрік халқына көмек көрсету мақсатында Қаржы министрлігі жанынан арнайы депозит ашты. Қазір бұл қорға барлық мемлекеттік қызметкерлер өздерінің бір күндік жалақыларын аударып жатыр. Бұл жұмысқа өзге де азаматтар атсалысуда дейді қырғыз БАҚ-тары.

Түркияда болған апатқа байланысты Өзбекстан да көмек қолдарын созып жатыр. Төтенше жағдай қызметкерлерінен құралған топ 8 ақпан күні таңға жақын Түркияға жетіп үлгірген. Қазір апат болған жерлерде шұғыл көмек көрсетіп жатыр екен. Өзбек БАҚ-тарының хабарлауынша, Ташкенттен жеткен мамандар үйінділердің астынан қазірге дейін 21 адамды алып шыққан. Олардың 12-сі қаза тауып, 9-ы аман қалыпты.

Узбекистан отправил помощь Турции | Аналитический Интернет-портал

Қазір Ташкентте Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасының жанынан Түркияға гуманитарлық көмек жинау орталығы ашылыпты. Өзбек азаматтары бұл жерге қажетті дәрі-дәрмектер мен гигиеналық заттар, қыстық киім-кешек, ұзақ сақталатын азық-түліктер, төсек орындар мен шатырларды, генераторларды көмекке атап жатыр.

В Ташкенте организован сбор помощи пострадавшим от землетрясения жителям  Турции - Darakchi

Елдің ресми ақпарат көздерінің хабарлауынша, Түркиядағы апат аймағында Өзбекстан азаматтары да болыпты. Түркиядағы өзбек елшілігі: «2023 жылы 7 ақпан күні сағат 17:00-дегі жағдай бойынша Түркиядағы табиғи апат болған аймақтарда 15 отандасымыздың болғандығы анықталды. Бұлардың екеуімен байланыс орнаттық. 13 адамды құтқару жұмыстары ойластырылып жатыр», – дейді. Осындағы 13 адам сол аймақтарда жүрген Өзбекстан спортшылары көрінеді. 

 

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
10.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 229
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 226
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 728
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 851
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 764

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8920
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8314
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11541
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9298
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10526