ТУРИЗМ САЛАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРДІ СУБСИДИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ

ТУРИЗМ САЛАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРДІ СУБСИДИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары (ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрықтарымен бекітілген) күшіне енді, оның шеңберінде туризм саласындағы 7 бағыт бойынша, атап айтқанда жол бойындағы сервис объектілерін, туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау кезінде, туристік автомобиль көлік құралдарын және тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алуға, әрбір шетелдік туристке, санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға және кәмелетке толмаған жолаушылар авиабилетіне ақы төлеуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша мемлекеттік қолдау шараларын алуға болады. Оның ішінде мемлекеттік қолдаудың төрт шарасын жергілікті атқарушы органдар көрсетеді.
🔹️Олар:
1) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау (1 СГТ күтіп-ұстауға айына 83 300 теңге мөлшерінде, өтінімдер күнтізбелік жылдың бірінші жұмыс күнінен бастап 1 желтоқсанына дейін қабылданады);
2) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу (ұсынылған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша сараптама қорытындысында көрсетілген туристік қызмет объектілерін салуға және (немесе) реконструкциялауға арналған шығындар құнының 10%, өтінімдер күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін қабылданады);
3) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу (автокөлік құралдары құнының 25%, өтінімдер күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде қабылданады);
4) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу (ұсынылған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша сараптама қорытындысында көрсетілген ЖБСО құрылысы құнының 10%, өтінімдер күнтізбелік жылдың 1 наурызына дейін қабылданады).
Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектісі шығындардың бір бөлігінің өтемін алу үшін облыс әкімдігінің туризм басқармасына осы Қағидаларға сәйкес өтінім мен құжаттар топтамасын ұсынатындығын сіздердің назарларыңызға жеткіземіз (құжаттар қағаз немесе электрондық нысанда пошта арқылы не қолма-қол қабылданады).
Талас ауданы әкімдігі
06.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 94
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 129
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 129
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 38
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 94
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 239
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 242
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 456
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 417

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9116
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8514
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11742
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9508
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10722