Түркі мәдениеті және мұрасы қорында профессор Гасан Гасановтың «Мажарлар мен әзербайжандардың ортақ этникалық тамырлары» атты кітабының тұсаукесері өтті

Түркі мәдениеті және мұрасы қорында профессор Гасан Гасановтың «Мажарлар мен әзербайжандардың ортақ этникалық тамырлары» атты кітабының тұсаукесері өтті

2026 жылғы 10 маусымда Түркі мәдениеті және мұрасы қорының штаб-пәтерінде ұйымның «Түркі әлемі дипломатиясының жауһарлары» сериясы аясында жарық көрген жаңа басылым – көрнекті қоғам, мемлекет және саяси қайраткер, Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Гасан Гасановтың «Мажарлар мен әзербайжандардың ортақ этникалық тамырлары» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Іс-шараны кіріспе сөзбен ашқан Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова қонақтарды құттықтап, Қордың түркі халықтарының бай мәдени мұрасын мүше мемлекеттерде де, халықаралық деңгейде де жүйелі түрде насихаттап келе жатқанын атап өтті.

Өз сөзінде Қор президенті ұйымның бақылаушы мемлекеті саналатын Мажарстанмен жүзеге асырылып жатқан ынтымақтастық жобаларына тоқталды. Ол Қордың қолдауымен Варшава университетінде ашылған Түркі мәдениеті және мұрасы орталығының қызметінің басталуы, сондай-ақ Қор мен Ягеллон университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы түркі мәдени мұрасын халықаралық академиялық ортада кеңінен таныту жолындағы маңызды қадамдар екенін атап өтті.

Сөзін жалғастырған профессор Ақтоты Райымқұлова кітап авторы – профессор Гасан Гасановтың сарқылмас ғылыми әлеуеті мен еңбегіне жоғары баға беріп, аталған іргелі еңбектің жарық көруін Қор қызметіндегі маңызды оқиға ретінде бағалады. Сонымен қатар, бұған дейін орыс және мажар тілдерінде жарық көрген бұл құнды басылымның әзербайжан оқырмандарына алғаш рет ұсынылып отырғаны айтылды.

Кітаптың жазылу тарихы туралы баяндаған көрнекті дипломат, профессор Гасан Гасанов Түркі мәдениеті және мұрасы қорына және іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан барлық қатысушыларға алғысын білдірді. Оның айтуынша, әртүрлі елдердегі дипломатиялық қызметі барысында ол түркі мұрасын зерттеу мәселелеріне әрдайым ерекше көңіл бөлген. Автордың сөзінше, бұл еңбек белгілі мажар ғалымдары Дьюла Немет, Лайош Лигети, Золтан Гомбоч және басқа да зерттеушілердің түркі әлеміне қатысты көзқарастарына негізделген кешенді ғылыми талдау болып табылады әрі мажар-түркі байланыстарының тереңдігін тағы бір мәрте айқын көрсетеді.

Іс-шара барысында Мажарстанның Әзербайжандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тамаш Торма, Әзербайжан Республикасы Милли Мәжілісінің Отбасы, әйелдер және балалар мәселелері жөніндегі комитетінің төрайымы Хиджран Гусейнова, Әзербайжандағы Ататүрік орталығының директоры, академик Низами Джафаров, Әзербайжанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Исмаил Омаров, Әзербайжан тілдер университетінің халықаралық қатынастар және өңіртану кафедрасының меңгерушісі, профессор Севдагүл Әлиева, сондай-ақ Әзербайжан тілдер университетінің Шығыс елдері өңіртануы кафедрасының меңгерушісі, мәдениеттану ғылымдарының докторы Нигяр Эфендиева сөз сөйлеп, басылымның ғылыми маңыздылығына жоғары баға берді.

Іс-шараға Әзербайжан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық корпустың өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым мен мәдениет саласының өкілдері, халықаралық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараның көркемдік бөлімінде Әзербайжан мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің аға оқытушысы, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты Исмаил Зүлфүгаровтың орындауында мажар және әзербайжан музыкалық шығармалары шырқалды.

11.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25769
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25220
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42639
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38478
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43029