Алматының Жетісу ауданында серуен мен демалысқа арналған жаңа орындар ашыла бастады

Алматының Жетісу ауданында серуен мен демалысқа арналған жаңа орындар ашыла бастады

Жетісу ауданында қоғамдық кеңістіктер, аулалар мен өзен жағалауы жаңартылып жатыр. Мұнда «Жетісу» саябағы мен Қазыбаев көшесін абаттандыру жұмысы аяқталды. Ал қараша айының соңына дейін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясындағы 25 жобаның тағы жетеуін, сондай-ақ Қарасу өзенінің жағалауын абаттандырып бітпекші. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Құрасбек Сәдібеков жүргізіліп қолға алынған осы шаруалар турал баяндады.

Қазыбаев көшесінде ұзындығы бір шақырымнан асатын, жалпы аумағы 2,3 гектар болатын учаске абаттанды. Мұнда серуен аймағы мен автоматты суару жүйесі жасалып, 21 мыңнан астам бұта мен 60-тан астам ағаш егілді.

Аумағы 3,6 гектарды құрайтын «Жетісу» саябағында жаяу жүргіншілер жолы, көгалдандыру мен жарықтандыру жүйесі жаңартылып, автоматты суару жүйесі орнатылды. Палладин көшесінде жаяу жүргіншілер аумағын да жаңартып, абаттандырып жатыр.

«Қазыбаев көшесінде серуендеуге қолайлы кеңістік құрып, сонымен қатар аумақты көгалдандыруға мүмкіндік туды. “Жетісу” саябағында жолдар мен жарықтандыру жүйесі жаңартылды, ал автоматты суару жүйесі жасыл желекті күтіп-баптауға көмектеседі. Қазір осындай кешенді жұмыс Палладин көшесінде де жүргізіліп жатыр», – дейді Құрасбек Сәдібеков.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 25 жоба жүзеге асады. Оның 18-і аяқталған, қалған жетеуін қараша айының соңында аяқтамақ.

Бұрынғы «Рахат» базарының орнында демеушілердің қаражаты есебінен жаңа алаңқай салына бастады. Сондай-ақ Кемел шағын ауданындағы Қарасу өзенінің жағалауын абаттандыру жұмысы аяқталып қалды. Оның ұзындығы бір шақырымнан асады.

Ағымдағы жөндеу жұмысы жеті аула аумағын қамтыды. Оның төртеуіндегі жұмыс бітті. Ратушный көшесінде балалар алаңдары, демалыс аймақтары мен көгалдандыру жүйесі жаңартылып, автоматты суару жүйесі орнатылды. Рысқұлов даңғылында балалар алаңы мен футбол алаңы абаттандырылды.

Көкжиек шағын ауданында тағы үш аула абаттанып жатыр. Мұнда үш балалар алаңы, екі футбол алаңы мен бір спорт алаңы жаңартылады.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тұрғындар өз аудандарында қандай қоғамдық кеңістіктер мен алаңдарды жаңарту қажеттігін өздері ұсынады. Қазір қалған жобаларды уақытында аяқтап, осы аумақтарды күнделікті пайдаланатын тұрғындардың қажеттіліктерін ескеру маңызды. Көкжиек шағын ауданындағы аулаларда балалар алаңдары, футбол алаңдары мен спорт аймағы қарастырылған», – деп атап өтті аудан әкімі.

Сонымен қатар ауданда сенбілік пен экологиялық акция ұйымдастырылып жатыр. Жыл басынан бері осындай 46-дан астам іс-шара өтіп, оған 28 мыңнан астам адам қатысқан. Осы уақыт аралығында 7,5 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды.

«Абаттандыру жұмысы саябақ ашылғаннан немесе аула жаңартылғаннан кейін аяқталмайды. Тазалықты сақтау, алаңдар мен жасыл желектің жағдайын бақылау қажет. Биыл сенбіліктер мен экологиялық акцияларға мыңдаған тұрғын қатысты. Олардың белсенділігі аудандағы тазалық пен тәртіпті сақтауға көмектеседі», – деп түйіндеді Құрасбек Сәдібеков.

05.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Ұлытау – ұлттың жүрегі, тарихтың тірегі
Гүлден ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ, Ұлытау облысы - 29.10.2026 470
Еуропа  дүрлігіп жатыр
Ерғазы Сейтқали - 23.10.2026 394

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29176
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28725
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46003
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41624
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46318