ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫ ҚОРЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ICESKO ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ БАРДЫ

ТҮРКІ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ МҰРАСЫ ҚОРЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ICESKO ҰЙЫМЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ТҮРІК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ БАРДЫ

2025 жылғы 21 қыркүйек күні Түркі мәдениеті және мұрасы қорының бастамасымен ИСЕСКО ұйымының Бас директоры доктор Салим бин Мұхаммед әл-Малик Түркістан қаласына іссапары аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен және теология факультетінің студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында ғылым және білім салаларындағы болашақ ынтымақтастық, өскелең ұрпақтың санасындағы діни-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ бірлесе жүзеге асырылатын келешек жобалар туралы мәселелер талқыланды.

Кейіннен қонақтар «Диуани Лұғат әт-Түрк» Халықаралық көрмесінде ұсынылған сирек жәдігерлермен, ХІ ғасырдың тарихи қолжазбалары және заттарымен, түркі мәдениетін сипаттайтын мәдени аспектілермен танысты.

Аталмыш көрме 2025 жылғы 10 маусым күні Түркі мәдениеті және мұрасы қоры мен Түркістан облысы әкімдігінің бірлестігінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің қабырғасында салтанатты түрде ашылған болатын.

Іс-шараның қорытындысында доктор Салим әл-Малик жас буынның болашақ түркі-ислам әлемінің дамуындағы маңызды рөліне баса назар аудара отырып, студенттердің ғылым мен ағартушылыққа деген қызығушылығын жоғары бағалап, сұрақтарына жауап берді.

22.09.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 17917
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 17777
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 32959
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31522
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35192