Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Almaty Management University (AlmaU) ректорымен кездесті

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Almaty Management University (AlmaU) ректорымен кездесті

2026 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова Almaty Management University (AlmaU) ректоры Тимур Булдыбаев мырзамен кездесті.

Аталған кездесу тараптар арасындағы диалогтың жүйелі сипатын көрсетіп, алдағы ынтымақтастықтың бастапқы негізін қалады. Әңгіме барысында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы әріптестіктің ықтимал бағыттары қарастырылып, әсіресе түркі әлемінің ортақ мұрасын зерттеу және дәріптеу бағытында жоғары оқу орындарымен бірлескен бастамалар талқыланды.

Кездесу барысында профессор Ақтоты Райымқұлова заманауи білім беру тәсілдері мен мәдени мұраның өзара ықпалдастығының маңыздылығын атап өтті. Ол академиялық ортаның жастардың түркі әлемінің бай мұрасына деген құрметін қалыптастыруда ерекше рөл атқаратынын, ал AlmaU секілді инновациялық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық бұл мұраны зерделеу мен ілгерілетуде жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.

Өз кезегінде ректор Тимур Булдыбаев Қордың қызметіне жоғары баға беріп, оның түркі мемлекеттері арасындағы рухани байланыстарды нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті. Сондай-ақ университеттің осы мұраны ғылыми тұрғыда зерттеу және халықаралық деңгейде ілгерілету бағытында ынтымақтастыққа дайын екені білдірілді.

Мұндай кездесулер болашақта бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға және тұрақты серіктестік орнатуға берік негіз қалайды деп атап өтілді.

 

16.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

КӨКБӨРІ
- 09.04.2026 198

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24434
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24098
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41551
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37451
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41810