ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «БАЛДӘУРЕН-2024» ЖАС ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: АРЫС ҚАЛАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «БАЛДӘУРЕН-2024» ЖАС ӘНШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Арыс қаласында облыстық «Балдәурен-2024» жас әншілер байқауы өтті. Сайысқа Арыс қаласының Гүлжан Құрманбекова қатысып, балаларға сәттілік тіледі. Өнер додасында облыстың әр аудан, қаласынан келген жас таланттар бақ сынады.
Байқауда облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының көркемдік жетекшісі Асылхан Темірхан, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің орындаушылық өнер кафедрасының аға оқытушысы Мақсат Айтжанов, композитор, «VIА АR-BAND» вокалды аспаптар ансамблінің жетекшісі Шахизинда Алимбетов қазылық етті. Олар әр үміткердің ән орындау шеберлігіне, дауыс диапазонына, сахналық киім үлгісі мен сахна мәдениетіне баса назар аударды.
Сайыс нәтижесінде Сайрам ауданынан Нұрғали Нұрбек бас жүлдені иеленіп, жеңімпаз атанды. Сондай-ақ Түркістан қаласынан Елдос Бақдәулет І орын, Ордабасы ауданынан келген Әлайдар Кәусар мен түлкібастық Амирбек Аңсар ІІ орын, ал Сарыағаш ауданынан Қанжарбек Балсезім мен Жетісай ауданынан Жаңабай Нұрқадір жүлделі ІІІ орынды иеленді. Бұдан бөлек үздік өнер көрсеткен қатысушы үміткерлерге арнайы жүлделер табысталды.
Айта кетейік, аталған байқаудың негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсетіп, оларды отансүйгіштікке баулуға, ұлттық рухта тәрбиелеп, эстрадалық ән орындау шеберлігін шыңдауға бағытталған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
03.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА МАҚТА КЛАСТЕРІ ДАМИДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 30.10.2024 39
ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛУДЕ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 30.10.2024 37
ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ «ӨНЕРЛІ ҰСТАЗ – 2024» БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 30.10.2024 43
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДАН АРТЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ТАЛАП ЕТУГЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Руслан Шарипов ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 29.10.2024 30
Орман  шаруашылығын оңалтуда оң нәтиже бар
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 27.10.2024 198
Тігінмен  тірлігін түзеген
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы - 27.10.2024 226
ЕСІРТКІ ТҮБІ – ТҮРМЕ
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 27.10.2024 195
ЖӘРМЕҢКЕНІҢ ХАЛЫҚҚА  БЕРЕРІ МОЛ
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 17.10.2024 819
МЕКТЕПТЕГІ ҚҰҚЫҚ  ЖАЙЛЫ САБАҚ
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 17.10.2024 807
МЕРЕЙТОЙҒА ОРАЙ ӨТКЕН ШАРА
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 17.10.2024 830

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 7124
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6556
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9760
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7541
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8761