ТҮРКІСТАН: АУЫЛЫН АБАТТАНДЫРМАҒАН ӘКІМДЕРГЕ ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: АУЫЛЫН АБАТТАНДЫРМАҒАН ӘКІМДЕРГЕ ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

Түркістан облысы әкімі аппаратының кезекті апталық отырысында облыс әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының биылғы Жолдауындағы міндеттерді орындау бағытында іс-шара жоспары әзірленетінін жеткізді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент сессиясының ашылуында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауын жариялады. Жолдауда Президентіміз жаңа экономикалық үлгіге өту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Айтылған ауқымды мәселелердің барлығы еліміздің экономикалық өсімі мен тұрмыстық әл-ауқатының жақсаруына бағытталған. Қазіргі уақытта Үкімет тарапынан жалпыұлттық іс-шара жоспары әзірленуде. Соны басшылыққа ала отырып, Түркістан облысында іске асыру бойынша іс-шара жоспарын әзірлеу қажет, – деді облыс әкімі.

Мәжілістегі күн тәртібінде бірнеше мәселе талқыланды. Ауылдарды, қалаларды көгалдандыру, санитарлық тазалығын сақтау, абаттандыру жұмыстарына жасалған мониторинг жұмыстарының нәтижесі тыңдалды. Түркістан облысы әкімі аппаратының Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы Мадияр Алиповтың айтуынша, мониторинг барысында кемшіліктер анықталған.

– Облыс әкімінің тапсырмасымен аудан, қалалардағы елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына бас инспекторлар тарапынан тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Нәтижесінде кейбір жұмыстардың сапасыз және толыққанды атқарылмай отырғандығы байқалады, – деген ол анықталған кемшіліктерді баяндады.

Атап айтқанда, Түркістан, Арыс, Кентау қалалары мен барлық аудандарда олқылықтар тіркеліп, тиісті ұсыныстар берілген. Бірінде көгалдандыру жүйелері істен шықса, аулада қураған ағаштар мен қоқыс шашылып жатыр. Балалар ойын алаңшалары мен орындықтар тозған. Кейбір көшеде жарықшамдар толық орнатылмаған. Күл-қоқыстан тазартылмаған көшелер де бар. Өңір басшысы тазалық жұмыстарына әкімдермен бірге тұрғындар да жауапкершілікпен қарауы керек екенін айтты. Кемшіліктер анықталған ауыл округтерінің әкімдеріне ескерту берілді. Қателік жойылмаса, одан да қатаң шаралар қабылданады.

Жиында «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысы және жылыжайларды көмірмен қамту мәселесі де қаралды. Бүгінде Түркістан облысында «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» АҚ-на «Ауыл аманаты» жобасы бойынша облыс көлемінде 19,8 млрд теңге құрайтын 3 220 жобаға өтініш түсті. Оның ішінде уәкілетті органмен 2281 жоба қаралып, жалпы соммасы 10,8 млрд. теңгені құрайтын 1890 жоба мақұлданды. 6,2 млрд. теңгені құрайтын 1128 жоба қаржыландырылып, тұрғындарға жеңілдетілген несиелер берілген.

Облыс әкімі аталған жоба бойынша қаржыландыру жұмыстарын ширату, жылыжайлар мен білім, денсаулық сақтау ұйымдарына қажетті көмірді толық жеткізу жөнінде тапсырма берді. Мәселелер бақылауға алынған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
08.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 169
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 165
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 275
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 279
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 493
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 451

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9150
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8548
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11776
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9543
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10756