ТҮРКІСТАН: КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ 10 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ТҮРКІСТАН: КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ 10 ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде 30 тамыз - ҚР Конституция күніне орай брифинг өтті.
 Баспасөз мәслихатында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Керімбек Мырзабаев мерекеге орай өңірде арнайы іс-шаралар жоспары бекітілгенін хабарлады.
 – Мереке қарсаңында мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімдері өтеді. Сондай-ақ, барлық аудан-қалада өткізілетін салтанатты жиындарда түрлі салалар мен қызметтердің дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетіледі. Одан бөлек, жергілікті жерлерде кәсіпкерлерді тарту арқылы көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ардагерлер үшін қайырымдылық акциялар ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар, алдағы 2 күнде халық  игілігі үшін 10 әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі, - деді  Керімбек Әлікерімұлы.
 Ал Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының бөлім басшысы Мұқағали Кенжетайұлының айтуынша, 28 тамыз күні Конгресс Холл көпсалалы кешенінде «Ата заңым – айбыным!» атты мерекелік іс-шарасы өтеді. Шара аясында «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің жеңімпаздары марапатталмақ. 
 Бұдан өзге, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ата  заң – алтын тұғырымыз!» тақырыбында көрме өткен болатын. Ал 29 тамыз күні Ұлы Дала Елі орталығында «Конституция – кемелдік кепілі!»  тақырыбында флешмоб ұйымдастырылады. Жалпы алғанда облыстық музейлерде тақырыптық көрме мен іс-шаралар 25-29 тамыз аралығында өтеді. Ал 28-29 тамыз күндері облыстық «Фараб» ғылыми-әмбебап кітапханасында «Ардың шыңы – Ата заң»,  «Ата заң - алтын діңгегім» тақырыбында кітап көрмелері жасақталып, оқырман назарына ұсынылады.
 Айта кетейік, ақпараттық сүйемелдеу бойынша арнайы бекітілген медиа-жоспарға сәйкес, облыстық «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Жанубий Қозоғистон» газеттеріне арнайы «Ата заң - Азат елдің ар намысы», «Ата заң – Айбарым!», «В честь Дня Конституция»  атты арнайы айдарлар ашылып, мақалалар жарияланды. Аудан, қала әкімдіктерінің баспа және электронды БАҚ-та, әкімдіктің ресми сайттарында «ҚР Конституциясы» тақырыптарында ақпараттық баннерлер орналастырылды.
 
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
28.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 57
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 174
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 171
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 137
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 282
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 284
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 498
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 457

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9154
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8554
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11781
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9548
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10761